Архив событий

07/06/2016

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

07/06/2016

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

 

1.     Кенжеғұлова Алтынай Лескенқызы

2.     Джумиева Раушан Джангалиевна

3.     Чендева Лаура Аманжуловна

4.     Қыстаубай Назерке Мирамғалиқызы

Атырауда аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мекемесінің басшысы сотталды

07/06/2016

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен А. А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 367-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып,  параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде 48 000 000 теңгеге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Тараз бен Атырау арасында есірткі тасымалдаған азаматтар сотталды

07/06/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Азамат, Қанат, Салауат және Әлібекке қатысты сот үкімі шығарылды.

2015 жылдың қыркүйек айында Азамат Ақтау қаласындағы қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеп жүріп, бұрын сотталған Қанат, Салауат және Әлібек есімді азаматтардан құрылған қылмыстық топ құрып, Тараз қаласынан Атырау қаласына аса ірі мөлшердегі есірткі затын (героин) сақтап, тасымалдауды ұйымдастырған.

Сот шетелдіктерге қамаққа алу жасазын қолданды

07/06/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен Өзбекстан Республикасының 5 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Құқықбұзушылар Өзбекстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына жұмыс жасау мақсатымен келіп, Қызылқоға ауданы, Аққора ауылында жұмыс істеп жүрген, яғни, жұмысқа орналасуға арнайы рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырған.

Мотоциклді мас күйде айдағаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

07/06/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен құқықбұзушы Т.Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Т.Е. Сағыз селосы 3 ауыл маңында «ИМЗ-8.103» маркалы мотоцикілін жүргізуші құқығы жоқ бола тұра, алкогольді масаң күйінде  жүргізген.

Іс құжаттарына тіркелген Атырау облысы ІІД ӘПБ-ның мәліметі бойынша  Т.Е.-ге  жүргізуші  куәлігі берілмегені айқындалды.

Сотта ол арақ ішкен  күйде мотоциклді жүргізгенін мойындап айғақ берді.

Зарослый селосында заңсыз балық аулаған азамат ұсталды

07/06/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен құқықбұзушы З.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, З.А. Жайық өзені жағасы, Зарослый селосы ауданынан балық аулауға тыйым салынған мерзімде және жерде, ұзындығы 15 метр балыққа арналған ау тор құралымен, 40х40мм түсі ақ тор көзімен ұсталған.

Сот отырысында А.З. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындады.

Латвия елінің азаматы көлігімен малды қағып кеткен

07/06/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотының қаулысымен Латвия Республикасының азаматы У.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының  1 бөлігімен кінәлі деп танылды.

У.А. 2016 жылдың мамыр айында Орал-Атырау тас жолы бойымен 368 километрде «Scania» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатып, жол жүру ережесін сақтамай, метеорологиялық жағдайды ескермей, жолдан өтіп бара жатырған қой мен ешкі малдарын қағып, нәтижесінде жәбірленуші А.М.-ның үш ешкісі мен жәбірленуші Б.О.-ның бір ешкісін қағып кетіп, материалдық залал келтірген.