Архив событий

23/06/2016

Мемлекеттік қызметшілер күнін Атырау қалалық соты атап өтті

23/06/2016

Бүгін Атырау қалалық сотында мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті.

Сот төрағасы А.Ерманов билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталатынын атап өтті.   

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында салтанатты шара ұйымдастырылды

23/06/2016

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай «Дендер» газетінің редакциясы штаттан тыс тілшілерінің, ардагерлер кеңесінің төрағасының, сот төрағасының қатысуларымен салтанатты жиын ұйымдастырды.

Мерекеге орай аудандық сот төрағасы Д.Тұхфатова өз  сөзінде қиындығы мен қызығы мол, үлкен жауапкершілікті талап ететін  қызметтерді абыроймен атқарып отырған  «Дендер» баспасөз  ұжымын  төл  мерекесімен құттықтап, сот жүйесінің мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосып келе жатырғандары үшін алғыс білдіріп,  естелік сыйлығын табыстады.

 

Ювеналды сотта мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қатысуымен дөңгелек үстел өтті

23/06/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Сот жүйесіндегі құқықтық реформалар: заң үстемдігін қамтамасыз ету. Сот өндірісіне технологиялық жаңашылдықтарды енгізу» тақырыбы аясында  мемлекеттік емес ұйым өкілдері және бұқаралық ақпарат өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен медиаторлар қатысуымен   дөңгелек үстел өткізілді.  

Атырауда сот перзентхана қызметкерін күзетпен ұстауға санкция берді

23/06/2016

Атырау қаласының №2 соты облыстық перзатханада жаңа туған нәрестені сатпақ болған перзентхана қызметкеріне қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тергеу дерегіне сәйкес, баланы тауып, оны шығару қағаздарын дайындап беру үшін күдікті 2500 АҚШ доллар  кепілақысын алған.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын перзентхана қызметкері сатып алушыға жаңа туған сәбиді беріп, қалған 2500 АҚШ доллары соммасындағы ақшаны алып жатырған кезде құрықталған болатын.

Атырау қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодексінің қолдану барысында туындайтын мәселелер талқыланды

23/06/2016

Атырау қаласының №2 сотының судьялардың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодексінің қолдану барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында семинар өткізілді.

Қайыршылықпен айналысып қамаққа алынды

23/06/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 492 бабының 2 бөлігімен құқықбұзушы Ж.К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ж.К. 2016 жылдың мамыр айында әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап, қоғамдық және ортақ пайдалану орында, атап айтқанда Атырау қаласы, Молдагулова көшесі, «Идеал» супермаркеті алдында қайыршылықпен айналысып, азаматтарды мазалап өтініш айтқан.

Жылыой аудандық сотындағы ментор сағаты

23/06/2016

Судья менторы - дегеніміз  бұл тәжірибиелі сүдьямен жаңадан тағайындалған судья  арасындағы  сот тәжірибиесімен бөлісу ,жаңадан тағайындалған жұмысына көмек көрсету, сот жүйесіне  қалыптасу болып табылады.

Ментор бағдарламасы сондай-ақ  отставкадағы судьяларды осы жұмысқа  қатысуын  қамтыған, олардың  мол кәсіби  және өмір тәжрибиесі, қоғам ортасынан алған орны  жаңадан тағайындалған  судьялардың  қалыптасуына  себебін тигізетіні анық. 

Сотпен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз қанағаттандырылды

23/06/2016

«Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сотта «Интеко 2007» ЖШС-не талап қойып, оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануды талап етті.

Талап қою талабының негіздемесі ретінде тараптар арасында 2015 жылың 14 желтоқсанындағы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы №43 санды келісім-шарт бойынша жауапкер өз міндеттемелерін орындамағандығын көрсетті.

Азаматтық іс медиациялық тәртіппен қысқартылды

23/06/2016

Талап қоюшы «Адил-Дастан» Конкашева  Г.Б. жеке кәсіпкері жауапкер  Цой Д.Ю.жеке кәсіпкерінен 6 040 000 теңге қарызды және 51 060 теңге айыппұлды өндіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Төрағалық етуші судьяның тараптарға олардың құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеуге құқығы бар екендігін және осындай әркеттер жасау салдарын түсіндіргеннен кейін, алдын ала сот отырысында тараптар медиациялық келісім жасады.

Гендерлік саясатты насихаттау

23/06/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Е.Аманғалиев «Гендрлік саясатты» насихаттау үшін Құрманғазы ауданы бойынша Мақаш ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Шараға Құрманғазы ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімінің маманы, Мақаш ауылдық округінің мамандары және округ тұрғындары қатысты.

Төрағалық етуші өз сөзін қазіргі таңда елімізде гендрлік саясатты насихаттауда атқарылып жатқан жұмыстардан бастады.