Архив событий

27/06/2016

Атырау облыстық сотының өкілі «22 маусым. Брест қорғаны» аталатын халықаралық фестивальға қатысты

27/06/2016

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына  -  75 жыл. Осы тарихи датаға орай, Атыраудан шыққан әскери-патриоттық экспедиция Брест қаласына барып келді. Атырау облысынан құрылған  делегация  белорусьтің Брест қаласында арнайы сапар шеккен болатын. Басты мақсат-  жол бойы алапат шайқастар өткен өңірлерді аралап, ерлік шежіресімен танысу, 22 маусым 1941 жылғы Брест қорғанын ерлікпен қорғауға арналған  шараларды тамашалау. Экспедиция алдымен Волгоград қаласына ат басын тіреді.

Сотталған әйел адамдардың көкейтесті мәселелері

27/06/2016

Өткен аптада Атырау қаласының №2 сотының төрағасы А.Ташенова   және судья Г.Даулешова    УГ-157/11 түзеу мекемесіндегі 233 сотталған әйелдермен кездесу өткізді.

Осы мекемеде Республикамыздың Батыс аймағының барлық ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотталған 20- жастан 60-қа дейінгі жастағы  әйелдер орналасқан, соның ішінде 19 әйел адам орташа дәрежедегі қылмыстар бойынша сотталған.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өткізілді

27/06/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кабинеті – сот жүйесінің қол жетімділігіне ықпалды» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аталған семинарға Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары қатысты.

Азаматтар медиацияны таңдауда

27/06/2016

Талап қоюшы М.А. өз талап арызында жауапкер Б.Т.-дан жер телімін босатуын міндеттеп беруді сұраған.

Осы талап арыз бойынша Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында судьяның жәрдемдесуімен медиациялық келісім орнатылды.

Сот отырысында тараптар сотпен медиациялық келісімді бекіту туралы өтініш білдірді.

Заңсыз алкоголь өнімдерін сату фактілері анықталды

27/06/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 282 бабының 3 бөлігі 7 тармағымен құқық бұзушы азаматша В.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың ақпан айында жеке кәсіпкер азаматша В. меншігіндегі Атырау қаласы, Еркінқала селосында орналасқан «Б-И-Жан» дүкенін тексеру барысында алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжаттарынсыз 39 бөтелке, жалпы құны 10 200 теңге алкоголь өнімін сақтап және сатуға шығарылып тұрғаны анықталған.