Архив событий

20/06/2016

Экономикалық сотта ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерімен кездесу өтті

20/06/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сот жүйесіндегі жаңашылдықтарды кеңінен насихаттау мақсатында судьялардың, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдерінің қатысуларымен конференция өткізді.

Сот төрағасы Б. Жаманбаев конференцияны ашық деп жариялап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сотпен атқарылған жұмыстарға және 2011-2016 жылдар аралығында қаралған азаматтық істердің статистикасына тоқталды.

Атырауда қарақшылар ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

20/06/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат пен Ерболатқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды.

2016 жылдың наурыз айында түнде Қайрат пен Ерболат Атырау қаласының авангард мөлтекауданындағы бөтен үйге терезе арқылы заңсыз енген.

Дау медиация тәртібімен шешілді

20/06/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы «ИндерТек» ЖШС-нің жауапкер  А.Т.-дан 7 560 теңге берешекті және 227 теңге сот шығынын өндіру туралы талап арызы қаралды.

Талап арызда талап қоюшы өкілі жауапкердің келісім шарт негізінде тұрмыстық қатты қалдықтар қызметі үшін бережақ болғанын, соның салдарынан 2014 жылдан 2016 жылдың маусым айына дейінгі берешегі 7 560 теңге болғанын айтып, берешекті жауапкерден өндіруді сұрады.

Гендерлік саясат- әйел адамның құқықтық мемлекеттегі ролі

20/06/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Гендерлік саясат- әйел адамның құқықтық мемлекеттегі ролі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Аталған шараға аудандық сот судьялары, Маслихат депутаты С.Мамбетова, Жылыой ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясаты жөніндегі комиссия төрайымы З.Қалмұханова, аудандық прокурор көмекшілері А.Есенгожина, К.Ивашкина, Жылыой аудандық жұмыспен қамту бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Құрманғалиева, Жылыой аудандық заң консультациясының меңгерушісі Ж.Казиева қатысты. 

Ювеналдық сот БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін дөңгелек үстелге қатысуға шақырады

20/06/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Атырау облыстық сотының тапсырмасына сәйкес   «Сот жүйесіндегі құқықтық реформалар: заң үстемдігін қамтамасыз ету.  Сот өндірісіне технологиялық жаңашылдықтарды енгізу» тақырыбы аясында  дөңгелек үстел өткізуді жоспарлаған.  

Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы шарттарын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерге айыппұл салынды

20/06/2016

Исатай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары тақырыптық тексеріс жасаған кезінде Исатай ауданы, Нарын селосында орналасқан жеке кәсіпкер А.Н-ның жеке меншігіндегі «Нарын» дүкенінің сауда сөресінде алкоголь өнімдеріне ілеспе жүкқұжатсыз жалпы саны 28 дана, жалпы құны 4 760 теңгенің алкоголь өнімдері сату үшін тұрғаны анықталған.