Архив событий

21/06/2016

Атырау қалалық сотында жаңа Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің нормаларының қолдану ерекшеліктері талқыланды

21/06/2016

Атырау қалалық сотында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің ерекшеліктері»  тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Атырау қалалық сотының судьялары, Атырау қалалық прокуратурасының, Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдері қатысты.

Іс-шараны қалалық соттың төрағасы  А.Ерманов ашық деп жариялап, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.

Тараптар арасындағы дау татуласу келісіммен аяқталды

21/06/2016

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» Компаниясы «Жемис»  ЖШС-нен 2013 жылдың 31 шілдесінен 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі және 2015 жыл бойынша шот-фактура мен 2015 жыл бойынша орындалған жұмыс жөнінде актіні ұсынуды міндеттеу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Қоғамдық орынды ластаған

21/06/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен азамат И.С. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, И.С. 2016 жылдың маусым айында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Котяев ауылының маңында орналасқан «Құрманғазы» шекара бекеті тұсында, яғни қоғамдық орынды ластап,  шеккен темекісінің тұқылын жерге тастаған.

Сот талқылауына дайындау кезінде тараптар медиациялық келісімге келді

21/06/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотына талап қоюшы И.А-дан жауапкер К.Э-ге қатысты араларындағы некені бұзу туралы талап арыз түсті.

Осы талап арыз бойынша сот талқылауына дайындау судья Е.Абдрамановтың төрағалық етуімен өткізіліп, тараптарға заңнамада көзделген олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.