Архив событий

16/06/2016

Атырау облыстық сотында БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судьяларының семинар-тренингі өтті

16/06/2016

Атырау облыстық сотында сот жүйесі қызметіне және облыс соттарының үйлестіруші-судьяларының ақпаратты қызметіне ақпаратты-түсіндіру жұмыстарын енгізу  мақсатында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар жұмысына БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судья М.Черняховская, облыстық соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері, аудандық және оған теңестірілген соттардың үйлестіруші-судьялары мен баспасөз хатшылары қатысты.

Адвокаттар сотта келісімге келді

16/06/2016

Атырау қалалық соты талап қоюшы Р.М-нің жауапкер К.К.-ге ақша өндіру және К.К.-нің Р.М.-ге мәмілені жарамсыз деп тану туралы қарсы талап арызын қарау барысында облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары А.С.Мухангалиева мен М.Тулегенов арасында жасақталған партисипативтік келісімді бекітті.

Келісім шарттары бойынша тараптар өзара тұрғын үйді сатып алу шартын жасауды міндеттенді, ол бойынша талап қоюшы Р.М. К.К.-ге 7 077 000 теңге береті, ал жауапкер мәмілені жарамсыз деп тану туралы қарсы талап арызынан бас тартты.

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында «Тілін білмеген түбін білмейді» - тақырыбына дөңгелек үстел өтті

16/06/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында «Тілін білмеген түбін білмейді» - тақырыбына дөңгелек үстел өтті. 

Өткізілген іс-шараға аудандық сот судьялары мен сот қызметкерлері, аудандық прокуратураның, аудандық ішкі істер бөлімінің және аудандық білім беру бөлімінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді ашқан сот төрағасы Е.Аманғалиев болып жатқан шараның еліміз үшін  үлкен маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік тілге зор құрметпен қарау керектігіне тоқталды.

Ювеналдық сот судьясы Атырау облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен онлайн семинарға қатысты

16/06/2016

Атырау облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) заңды өкілсіз жүруінің жауаптылығы» тақырыбына өткізілген семинарға ювеналдық сот судьясы Н.Искакова қатысты.

Аталған шараға Атырау облысындағы мектептер ұстаздары мен оқушылары, ата-аналар, құқық қорғау органдарының өкілдері онлайн режимде қатысып, талқыланған  мәселе төңірегінде қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Өзбекстан Республикасының азаматы елден шығарылды

16/06/2016

Өзбекстан Республикасының азаматы Ришат Хайтенов Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып жіберілу туралы соттың заңды күшіне енген шешімін осы уақытқа дейін орындамаған. 

Атырау облыстық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті

16/06/2016

Атырау облыстық сотында судьялар мен кеңсе мамандарының арасында жемқорлықтын алдын алу, оны болдырмай және жол бермеу мақсатында,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы жиын өткізілді.

Жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтың алдын алу және ескертудің маңызды сәттерінің бірі сот қызметкерлерінің  арасында осы бағытта талқылау жұмыстарын жүргізу болып табылады.  

Көлік құралын масаң күйде басқару көбеюде

16/06/2016

Алкогольдік ішімдік ішу-бұзақылық, қылмыс, кісі өлтіру, өз-өзіне қол салу және көлік жүргізу барысынды қазаға ұшыраудың негізгі себептерінің бірі екендігі бәріне мәлім.

Сонымен қатар, әкімшілік сотпен көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқару көптеп кездесуде.

Қылмыстық теріс қылық іс-әрекеттері ауыр зардаптарға соқтырмай тұрғанда, жол-көлік полициясы қызметкерлерімен мұндай көліктер дер кезінде тоқтатылуда.

Сегіз жылдан соң анықталған әкелік

16/06/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Медиация туралы» Заңын насихаттау және қолдану жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін сот өндірісінде қаралған 160 істің ішінен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен 58, оның ішінде кәсиби медиатордың қатысуымен 13, сот медиациясымен 45 іс аяқталып отыр.

Қылмыстық істер жөніндегі сотта гендерлік саясат мәселелері талқыланды

16/06/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазіргі таңдағы қазақстандық гендерлік саясаттың жүзеге асуының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аталған семинарға Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы мен сот мамандары қатысты.

Сот 17 жылға темір торға тоғытты

16/06/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Е. 2016 жылдың ақпан айында мас күйінде Абай көшесінде тұратын  өзінің көршісі Д.-ның үйіне барып, терезесінен кіріп, бөлмелерді аралап, жатын бөлмеде ұйықтап жатқан Д.-ның сөмкесін алып, оның ішін тексеріп тұрған кезде, көршісі ұйқысынан оянып, Е.-ні танып қалған.