Архив событий

29/06/2016

Жол апатына кінәлі азаматқа айыппұл салынды

29/06/2016

Құқық бұзушы К.Е. 2016 жылдың маусым айында «RenaultSandero» маркалы автокөлігін Ақтөбе-Астрахань тасжолында басқарып отырып, бір бағытта келе жатқан Н.Г-нің басқаруындағы «RenaultLogan» маркалы автокөлігі бұдан басып озған кезде, сол автокөліктің оң жақ артқы бөлігіне соқтығыс жасаған, нәтижесінде аталған автокөліктерде материалдық шығын бар.

Отбасы татуласу арқылы сақталды

29/06/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында талап қоюшы М.М. жауапкер С.М. арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында талап қоюшы М.М. жауапкер М.С.-мен жанұя тұрақтылығын сақтап қалу, өсіп келе жатқан екі ұрпақтың әкесіз, жанұя қиындығын көрмеу мақсатында өзара татуласқанын, араларындағы отбасылық келіспеушілік мәселелерді медиация тәртібімен келісімге келгенін айтып, медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

Тараптар арасындағы дау татуласу келісіммен аяқталды

29/06/2016

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының "Атырау -Ақпарат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Конкурстық БасқарушыК.Демеуов  «Атырау Ақпарат» ЖШС-нен 4 008 196 теңге өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Сот медиациялық келісімді бекітіп, іс жүргізу тоқтатылды

29/06/2016

 Талап қоюшы С.Г. сотқа берген талап арызында жауапкер С.М.-дан өзінің пайдасына 51 000 теңге қарыз сомасын өндіруді сұрады. 

Сот талқылауын дайындау барысында тараптар істі қарап жатқан судьяның медиация өткізуіне өтініш жасап, нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді.

Медиациялық келісім шартында көрсетілген мерзім ішінде жауапкер міндеттемені орындамаған жағдайда, талап қоюшы оны мәжбүрлеп орындату үшін атқару парағын шығару туралы сотқа арыз беруге құқығы бар екендігі жауапкерге түсіндірілді.

Ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

29/06/2016

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

 

1.       Динжанова Алмагуль Мухиденовна

2.       Сисенова Айзада Елубаевна

3.       Журханова Эльмира Тлековна