Архив событий

06/06/2016

Атырау облысы соттарында жаңа тағайындаулар

06/06/2016

Атырау облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьяларды таныстыру үшін жалпы отырыс өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жыл 31 маусымдағы №271 Жарлығымен Атырау облыстық сотының судьясы болып Қалимұқашева Айгүл Демеуқызы тағайындалды.

Атырау облыстық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өткізілді

06/06/2016

Атырау облыстық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Шараға Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Г.Жұмағалиева, соттар әкімшісі басшысының орынбасары Б.Жолдаспаева, облыстық соттың бөлім басшылары және мамандары, қалалық соттардың кеңсе меңгерушілері және мамандары қатысты.

Ювеналдық сотта «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға арналған семинар өткізілді

06/06/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен қызметкерлерінің, Атырау облысы бойынша судьялыққа үміткерлердің және жоғары  оқу орындарының студенттерінің  қатысуымен семинар өткізілді.

Жауапкердің қайтыс болуына байланысты іс жүргізу тоқтатылды

06/06/2016

Атырау қалалық сотының ұйғарымымен талап қоюшы «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің жауапкер А.Буяновқа қарыз ақша өндіру және мемлекеттік бажды қайтару туралы азаматтық ісі Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексінің 277-бабының 7) тармақшасының негізінде жауапкердің қайтыс болуына байланысты іс жүргізу қысқартылды.

Сот отырысында жауапкер А.Буяновтың қайтыс болғаны қайтыс болу туралы куәлікпен расталатыны анықталған.

Ауылдастың 13 бас малын жасырын жымқыруды көздеген күдіктіге 2 айға «күзетпен ұстау» санкциясы берілді

06/06/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының тергеу судьясымен күдікті А.Д.-ға бұлтартпау шарасы ретінде 2 ай мерзімге күзетпен ұстауды санкциялау туралы өтініш қаралды.

Күдіктінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігімен сараланған.

Әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындады

06/06/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 434-бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы   К.У.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К.У. 2016 жылдың мамыр айында Кудряшов ауылдық округі  Қиғаш көшесінің бойында алкоголь ішімдігін ішіп отырып, ішімдік ыдысын және тамақ қалдықтарын отырған орнына шашып тастаған. Яғни, ортақ пайдалану орындарын ластап, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық әрекеттер жасаған.

Дау сот медиациясын қолданумен реттелді

06/06/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Атырауинждорстрой» ЖШС-нің «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС-нен 4 760 000 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Алдын-ала сот отырысында судьямен тараптар өкілдерінің өзара келісімдері бойынша сот медиациясы өткізілді. Нәтижесінде тараптар дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы келісім жасасты.