Архив событий

03/06/2016

Атырауда Батыс аймақтық судьялар спартакиадасы басталды

03/06/2016

Бүгін, Атырау қаласындағы «Мұнайшы» орталық стадионында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы VIII спартакиадасының Батыс аймақтық ойындарының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Шараға Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және алаң иелері – Атырау облысы соттарының спортшы судьялары қатысуда.

Ауқымды шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев, облыстық прокуратура, ҰҚК, ІІД  басшылары, Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов қатысты.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет

03/06/2016

1992 жылдың 04 маусымында тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - елтаңба, жалау және әнұраны бекітілді. Содан бері республикамызда 4-маусым «Мемлекеттік рәміздер күні» ретінде аталып өтіліп келеді.

Осы орайда, Индер аудандық сотының ұжымы осы мереке қарсаңында «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, шара соңында ұжыммен мемлекеттік әнұран салтанатты түрде орындалды.

«Сот кабинеті» электрондық жүйесі соттардың жұмысын жеңілдетеді

03/06/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотының маманы С.Сагинова Доссор поселкесі әкімі қолдауымен ұйымдастырылған «Сот кабинеті» электрондық жүйесі» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.

Сот қызметкері өз сөзінде «Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы сотқа арыздарды жолдау тәртібін және мемлекеттік алымдарды онлайн түрінде төлеу мүмкіндігін түсіндірді.

Сот өндіріп алушының талабын қанағаттандырды

03/06/2016

Жеке кәсіпкер Л.Тен «MODERNELECTRO» ЖШС-нен 4 191 903 теңге өңдіруге сот бұйрығын шығару туралы арызбен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы талаптары «MODERNELECTRO» ЖШС-гі арасында жасақталған 20 тамыз 2015 жылғы №84, 1 қаңтар 2016 жылғы №3 қызмет көрсету шартымен және борышкермен қол қойылған 4 сәуір 2016 жылғы салыстырмалы актымен дәлелденеді.