Архив событий

30/06/2016

Атырауда сот процесі сурдо-аудармашылардың қатысуымен өткізілді

30/06/2016

Атырау қалалық соты сурдо-аудармашылардың қатысуымен талап қоюшы Б.-ның жауапкер И.-мен арадағы некені бұзу туралы азаматтық істі қарады.

Талап қоюшы Б. сотқа талап қою арызымен жүгініп, онда жауапкермен 2001 жылдың 17 қаңтарынан некеде тұратынын, некеден екі баласы бар екенін, жауапкермен мінездері жараспауына байланысты некені бұзуды сұрады.

Сотта тараптардың бала кезінен саңырау-мылқау екендері, талап қоюшының III топ мүгедегі екені анықталды.

Ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

30/06/2016

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

 

1. Киярова Жанаргуль Мукамбетжановна – Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі лауазымына (С-R-1 санаты) – тұрақты орынға;

Туған анасы екі күн бойы өз баласын үйіне кіргізбеген

30/06/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 13 жасар Сергейдің анасы, өз баласын екі күн бойына үйіне кіргізбегені туралы әкімшілік іс қаралды.

Подъездте ұйықтап жатырнған баланы көршісі көріп, үйіне кіргізіп, тамақтаған. Кейін полицияға хабарласып  анасының баласын үйіне кіргізбей отырғанын айтқан.

Сотпен құқықбұзушы М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 14 847 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Атырауда полицей пара алғаны үшін мемлекет қазынасына үш миллион тенге төлейтін болды

30/06/2016

Атырау қаласының №2 сотында Атырау қалалық №2 ішкі істер бөлімі бөлімшесінің басшысы А.Рахимовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А.Рахимов «Бұзақылық» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі тараптардың татуласуы бойынша қысқартқан.

Қабылданған процессулдық шешімді ол сотқа дейінгі тергеудің Біріңғай реестіріне енгізіп, бірақ іс материалдарын прокуратураға жолдамаған. Кейін күдіктіден қылмыстық қуадалауды қысқартақан үшін жүз мың теңге пара алған.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты экология инспекторының қаулысынан бұзушылықтар анықталды

30/06/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Батыс Эко Проджект» ЖШС-нің  Атырау облысы бойынша мемлекеттік экологиялық бас инспекторы К.Калмаханның қаулысына берілген шағымын қарады.

Исатай аудандық сотында татуластыру рәсімдерін қолдануды насихаттау бойынша жұмыстар жалғасуда

30/06/2016

Атырау облысының Исатай аудандық соты татуластыру рәсімдерін қолдануды насихаттау бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотынан түскен тапсырманы орындау мақсатында келесі міндеттерді атқаруда.

Исатай ауданы бойынша 2 кәсіби емес медиатор тіркеліп, олар Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде қызметтік бөлмемен қамтамасыз етіліп, ақпараттық, көрнекі құралдармен жарақтандырылған.

52 млн. теңге өндіру туралы азаматтық іс бойынша медиациялық келісім бекітілді

30/06/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Жахан Атырау» ЖШС-нің «ЭРА» ЖШС-нен 52 473 260 теңге қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Алдын ала сот отырысында тараптар іс бойынша төрағалық етуші судьяның медиация өткізуі нәтижесінде медиациялық келісім жасасты.

Сот ұйғарымымен «Жахан Атырау» ЖШС-гі «ЭРА» ЖШС-нен 52 473 260 теңге өндіру туралы азаматтық іс бойынша медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.