Архив событий

28/06/2016

Атырау облысының судьялар корпусы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2016

Атырау облыстық сотында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Аталған шараға, республикалық және жергілікті БАҚ-ның өкілдері шақырылды.

Тілшілерді кәсіби мерекелерімен Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов құттықтап, БАҚ өкілдерінің жемісті, жан-жақты және сапалы қызметтері үшін алғысын білдірді.

Қызылқоға аудандық соты жергілікті БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2016

Қызылқоға аудандық сотының  судьясы А.С.Сырғабаева,  28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мерекесіне орай, жергілікті «Қызылқоға» газетінің бас редакторы  Б.А.Сисеновты және сот жұмысын тұрақты насихаттап жүрген тілшілер Б.Бердіғалиев пен  Д.Губайдуллинді  қабылдап, кездесу өткізді.

Қылмыстық істер жөніндегі сотта қылмыстық сот өндірісіндегі жаңашылдықтарды қолдануға арналған жиналыс өтті

28/06/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында «Жаңа Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстерді қолдану барысында туындайтын мәселелер»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аталған семинарға Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен  мамандары қатысты.

Мобильдік топ Жылыой ауданының селолық округтерінде

28/06/2016

Татуластыру рәсімдерін қолдануды насихаттау бойынша Жылыой аудандық соты судьяларынан құрылған  мобильдік топпен  ауылдық округтерде  насихат шаралары ұйымдастырылуда, азаматтарға тұрғылықты жерінен шықпай-ақ, жанжалды шешу және татуласуға қол жеткізуде   делдалдарға баруға мүмкіндік бар екендігі туралы халық арасынада түсіндіру жұмыстарын жүргізілу мақсатында  топ мүшелерімен  Жаңа-Қаратон кентінде болып қайтты.

Атырауда сот әкесін күтіп-бағу үшін қызынан алимент өндірді

28/06/2016

Атырау қалалық сотымен азамат Н.-ның қызы А.-ға өзін күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды. 

Талап қоюшы талап қою арызында жүрегіне ота жасалғанын, дәрі-дәрмектерінің бағасы қымбат екенін, қазіргі уақытта әйелімен бірге тұратынын, екеуі де зейнеткер екенін, алайда зейнетақылары қымбар дәрі-дәрмектерге жетпейтінін көрсеткен.