Архив событий

08/06/2016

Марқұм атасының қаруын сақтау жауапкершілікке әкеп соқты

08/06/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында тұрғын үйінде 16 калибрлі «ИжК» маркілі тегіс ұңғылы мылтығын ішкі істер бөлімінің рұқсатынсыз заңсыз сақтаған құқықбұзушы К.Г.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды, яғни К.Г. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқықбұзушы аталған қару өзінің қайтыс болған атасынан қалғанын, содан бері үйінде сақтағанын айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының азаматты алкоголизм дертінен мәжбүрлеп емдету туралы арызын қанағаттандырды

08/06/2016

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотымен арыз беруші «Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК-ның азамат М.А.-ны алкоголизмнен емделу үшін мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

Есірткі затын сақтап, өткізгені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды

08/06/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабының 3 бөлігі 3 тармағымен кінәлі деп танылған азамат С.-ға қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Сотталушы С. 2016 жылдың наурыз айында Атырау қаласында пайдакүнемдік ниетпен екі дана журнал орамына салынған салмағы 7,09 грамм кептірілген «марихуана» есірткі затын заңсыз сақтап, 4 000 теңгеге М.-ға заңсыз өткізген.

Сот отырысында тараптар татуласу келісімін жасасты

08/06/2016

«Буркутты» ЖШС-гі «Атакент Жылыой» ЖШС-нен 445 000 теңге қарыз сомасын және 15 434 тенге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сот отырысында тараптар өкілдері татуласу келісімін бекітуді сұрады. Келісім шарттары бойынша жауапкер талап қоюшыға 2016 жылдың 5 маусымына дейін  445 000 теңге төлеуге міндеттенеді, талап қоюшы жауапкерге сотта қойған талабынан бас тартады.

Алдын-ала сот отырысында тараптар өкілдері соттан татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.