Архив событий

17/06/2016

Құрманғазы аудандық сотымен Ұлт жоспарын жүзеге асу барысын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді

17/06/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының ұйымдастыруымен "Нұр Отан" партиясы қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы Құрманғазы аудандық филиалының кеңсесінде «100-нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысын және республика сот жүйесінің басқа да маңызды мәселелелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Атырау қаласының әкімшілік сотында ҮЕҰ өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында дөңгелек үстел өтті

17/06/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының және өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қызылқоға аудандық сотының медиацияны насихаттау мақсатында құрылған мобильді топ мүшелері Жангелдин, Ойыл ауылдық округтеріне барып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

17/06/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық соты төрағасының өкімімен медиация заңын және сотқа дейінгі медиациялық келісімдердің жүргізілуін түсіндіру жұмыстарын халық арасында үнемі насихаттау мақсатында  мобилдік топ құрылды.

Мобильді топтың төрағасы Қызылқоға аудандық сотының татуластыру рәсімдерін және баспасөзбен байланысты үйлестіруші судьясы А.Сырғабаева бастап, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин, Ойыл ауылдық округтеріне барып, сол жердегі кәсіби емес медиаторлармен және ауыл тұрғындарымен кездесті.

Ювеналдық сот 29 ата-анаға өз міндетін атқармағаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

17/06/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 1-бөлігінде  көзделген, яғни кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған 33 әкімшілік істі қарап,  оның ішінде 29 ата анаға  әкімшілік жаза тағайындаған.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін әкімшілік қамаққа алынды

17/06/2016

Т.Ж., өзімен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткені үшін әкімшілік жаза қолданыла тұра, 2016 жылдың мамыр айында өз үйінде алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде зайыбы У.Ж-ны боқтап-балағаттап, жанұя тыныштығын бұзып, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сотта Т.Ж. кінәсін мойындап, іс-әрекетіне өкінетінін айтты, алайда арызданушы У.Ж. оған кешірім бермей, соттан тиісті шарасын алуды сұраған.

Сиырды қағып, материалдық залал келтірді

17/06/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Р.Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Р.Е. 2016 жылдың мамыр айында сақтандыру полисінің негізінде басқаруындағы «Lada 21901 013-41» маркалы автокөлігін Атырау-Индер тас жолының 34-ші шақырымы тұсында басқарып, жолдың жүріс бөлігіне шыққан сиыр малын қағып жол көлік оқиғасын жасап, автокөлікті бүлдіруге әкеп соққан және бір бас ірі қара малды өлтіріп, иесі жәбірленуші Р.Ш.-ға материалдық залал келтірген.  

Жолаушыны қағып кеткен жүргізушіге айыптау үкімі шығарылды

17/06/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында қатысты Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 345 бабының 1 бөлігімен сотталушы О.Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы О.Р. арақ ішкен мас күйінде  өзінің  басқаруындағы  Уаз автокөлігімен Сағыз  селосы  Бейбарыс  көшесіндегі  дәріхананың  тұсынан жолдың жиегінде бір бағытта кетіп бара жатырған жәбірленуші Ш.Қ.-ны  қағып, өзі жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған. Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан жәбірленуші әр түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға түскен.