Архив событий

06/09/2016

Жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

06/09/2016

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

 

1.     Кенжебайқызы Айгерим

2.     Капашев Алишер Саламатович

3.     Ли Марина Вечеславовна

4.     Аралова Алтынай Анарбековна

5.     Амирова Ажар Қанатқызы

6.     Есентай Айдана Алмасқызы

7.     Кужагалиева Диана Мураткызы

Алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс қаралуда

06/09/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен жеке адамға қарсы аса ауыр санатындағы қылмысты қасақана жасаған адамға қатысты сот талқылауы басталды.

Айыптау нұсқасы бойынша, ер адам бұзақылық ниетпен жәбірленушіні автокөлігімен  басып өтіп, оқиға болған жерден бой тасалап, қашып кеткен. Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаты салдарынан есін жимастан қаза болған.

Студенттің талабы қанағаттандырылды

06/09/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотына талап қоюшы К.А. өзі 21 жасқа толғанша алимент өндіру жөніндегі талабымен жүгініп, онда өзінің студент екенін, анасының жалақысының төмендігін, Атырау қаласында пәтер жалдап тұратынын, материалдық жағдайының төмендігін көрсетіп, әкесі К.А.-дан алимент өндіруді сұрады.

Сот шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, оқуын аяқтағанша алимент өндірілді.

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

06/09/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А.С. мас күйінде автокөлікті басқарғандығы үшін Мақат аудандық сотының 2016 жылдың 22 маусымындағы қаулысы бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айырылған.