Архив событий

29/09/2016

Атыраулық судья республика судьяларының VIII-спартакиадасының қорытынды жарыстарында жүлделі орын алды

29/09/2016

Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының VIII-Спартакиадасының  қорытынды жарыстары Мемлекет тәуелсіздігі мен Қазақстан Республикасы судьяларының VII-Съезіне арналды.

Спартакиадада Атырау облысының судьяларыда сәтті өнер көрсетті.          

Осылайша, Индер аудандық сотының судьясы Адил Ишахатович Куспанов спорт ойындарының дойбы түрінен Атырау облысының абыройын қорғап, республика көлемінде 3-ші  орын алып, жеңімпаз болып атанды.

«Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін атқаруда халықаралық стандарттар бала құқықтары туралы конвенция және медиацияны қолдану» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізілді

29/09/2016

Дөңгелек үстел жұмысына ювеналды сот судьялары мен мамандары,  «Медиацияны дамыту орталы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша өкілдігінің директоры Г.Марданова, кәсіби медиатор  М.Мухтарова,  Атырау қаласының  прокуратурасының бөлім прокуроры А.Ищанова, қалалық білім бөлімінің  өкілі Н.Сабитов, «Құқық: заңдық қызметтер» ЖШС заңгері  Б.Рахманов  қатысты.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жақсылық сот қызметкерлерін «Еңбек күні» мерекесімен құттықтады

29/09/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жақсылық судьялар мен сот қызметкерлерін «Еңбек күні» мерекесімен құттықтады.

Әкімшілік соттың басқа да судьялары құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік жиын соңында сот төрағасы Ж.Жақсылық кейбір қызметкерлерді арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Түркия жүргізушісі Қазақстан аумағынан шығарылды

29/09/2016

Атырау облысы Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен азамат К.М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Махамбет аудандық соты жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талапты қанағаттандырды

29/09/2016

Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер А.К. мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесін меншік иесінен мәжбүрлеп алып қою туралы туралы азаматтық ісі қаралған.