Архив событий

26/09/2016

Моншадағы мас бұзақыға алқабилердің қатысуымен үкім шығарылды

26/09/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99 бабының 2 бөлігі 6 тармағымен сотқа берілген С.Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Атырауда отыздан астам үй тонаған ұрылар сотталды

26/09/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса iрi мөлшерде ұрлық жасаған төр жігіт ке және бір жасөспірімге қатысты қылмыстық істі қаралды.

Сот шешімімен көрсетілген телефон қызметі үшін берешек өндіріліп алынды

26/09/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотымен «Қазақтелеком» АҚ-ның азаматша К.-ге телекоммуникациялық қызмет көрсеткені үшін берешекті өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Тазалықты сақтау әр азаматтың міндеті

26/09/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен (ұсақ бұзақылық,  яғни ортақ пайдалану орындарын ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) құқықбұзушы А.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Атап айтқанда, құқықбұзушы А.С. 2016 жылдың қыркүйек  айында қоғамдық орында темекі тұқылын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластаған.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсын мойындады.

Құрылыс жұмыстарын тиісті уәкілетті органға хабарламай жүзеге асырған

26/09/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен (тиісті тіркеуісіз, рұхсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу,сондай-ақ әрекеттерді жүзеге асыру) құқықбұзушы Ш.Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ш.Е.Балықшы поселкесіндегі көшеде кафе-кулинария құрылысының жұмыстарын құрылыс-монтаж жұмыстарын бастайтындығы туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органға хабарламай жүзеге асырған.

Сот берешекті өндіру туралы іс бойынша бітімгершілік келісімді бекітті

26/09/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «САЙРАН-XXI» ЖШС –нің «Медицина» АҚ-нан 728 400 теңге берешек, 72 840 теңге және 11  305 теңге заңсыз өсімпұлды өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс қарау барысында тараптар бітімгершілік келісімге келіп, сотқа оны бекітіп беру туралы өтініш жасады.

Соттың ұйғарымымен бітімгершілік келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды. Талап қоюшыға 24 377 теңге мемлекеттік баж толығымен қайтарылды.

Қызылқоға аудандық сотының қеңсе қызметкерлері сот актілерінің орындалуына бақылауды күшейту мақсатында семинар өткізді

26/09/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының кеңсе қызметкерлері арасында аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесінің орындалуына талапты күшейту және  кеңседегі жұмыс сапасын одан әрі жандандыру мақсатында семинар өткізілді.