Архив событий

27/09/2016

«BNews.kz» интернет порталында Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғановтың сұхбаты жарияланды

27/09/2016

Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне – 25 жыл. Осы жылдары еліміз саяси, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамып қана қоймай, құқық қорғау мен сот жүйесінде де бірқатар өзгеріс болды. Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның сот жүйесіндегі реформалар жайлы әңгімелеп берді.

Атырау облыстық сотының бастамасымен Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезіне орай деректі фильм түсірілді

27/09/2016

Атырау облыстық сотының бастамасымен Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезіне орай қысқа метражды деректі бейнеролик түсірілді.

Деректі фильмде сот жүйесінің даму тарихы, Елбасы Н.Назарбаевтың тұңғыш судьялар съезін өткізу туралы шешімінің қабылдану тарихы, сот ардагерлері мен шетелдік азаматтардың пікірлері көрініс тапқан. Жалпы бейнеролик алғашқы судьялар съезінен соңғы өткен алтыншы съезге дейінгі аралықта атқарылған қыруар мәселелерді қамтиды.

Судьялар мен прокурорлар соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу тәжірибесін талқылады

27/09/2016

Атырау қаласының №2 сотында судьялардың және қалалық, облыстық прокуратура өкілдері К.Шункеновтың, Л.Асанованың қатысуларымен дөңгелек үстел форматында соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу тәжірибесі талқыланды.

Сот төрағасы А.Ташенова 2015 жылдың 1 қаңтарынан еліміздің құқықтық базасына қылмыстық процеске процессуалдық келісімнің институты енгізілді деп өз баяндамасында атап өтті. Осы сәттен басттап жекелеген тергеу-сот практикасына ие болды. 

Көлік апатын жасап, қашып кеткен

27/09/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында құқықбұзушы Э.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы Э.А. Атырау қаласы, Сатыбалдиев көшесі, «Дина» базары алдында «Mitsubishi Montero Sport» маркалы автокөлігін басқару кезінде жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, «Lada 21144 110-42»  көлік құралын соғып, оның бүлінуіне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтіріп, өзі қатысушысы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Анасын сыйламаған азамат үш тәулікке қамаққа алынды

27/09/2016

Атырау облысы Ганюшкин ауылының тұрғыны М. үйіне мас күйде келіп, анасын балағаттап, жанұя тыныштығын бұзған.

Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, анасынан кешірім сұрады және енді мұндай әрекет қайталамауға уәде берді.  

Алайда, баласынан көңілі қалған анасы оның бұл әрекетіне кешірім бермейтіндігін айтты.

Сот құқықбұзушыны ӘҚБтК 73-б 1-б бойынша кінәлі деп танып, үш тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Шемішкінің қалдығы үшін жасөспірімнің әкесіне айыппұл салынды

27/09/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 435-бабымен (ұсақ бұзақылық) қозғалған  әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарады.

Жаздың ыстық күні кешке 15 жасар Дидар Амандосов көшесінде, қоғамдық орында шемішке шағып, қалдығын тастаған жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталып, ұсақ бұзақылық жасаған.