Архив событий

15/09/2016

«Zakon.kz» ақпараттық порталында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен интернет-конференция өтеді

15/09/2016

Интернет-конференция республика сот органдарының қызметіне, соның ішінде Елбасының республика судьяларының VI съезінде алға қойған міндеттерінің және  Ұлт Жоспарында Жоғарғы Сотқа жүктелген 11 қадамның іске асырылуына, сондай-ақ алдағы республика судьяларының VII съезіне қатысты мәселелерге арналады. 

Қ.Мәми интернет-конференция барысында соттардың жұмысы және тұтастай алғанда сот жүйесінің қызметі туралы азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Заңды күшіне енбеген сот актілері туралы сұрақтарға жауап беру көзделмейді.

Атырауда әскери қызметші командир бұйрығын орындамағаны үшін 15 тәулікке қамалды

15/09/2016

Атырау қаласының ҚРҰҰ № 5546 әскери бөлімінде Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жақсылықтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен құқықбұзушы  А.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Күйеуінің бұрынғы әйеліне жазған СМС хабарлама айыппұлға әкеп соқты

15/09/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  434-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы Қ.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құлсары қаласының тұрғыны Қ. некедегі күйеуінің бұрынғы әйелі А.Г.-ны ұялы телефонмен СМС және Ватсап желісі арқылы балағаттап, ар-намысына тиетіндей хабарламалар жолдап, мазалап, сыйламаушылық білдірген.

Материалдық залал өндіру туралы азаматтық іс медиация көмегімен реттелді

15/09/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы Ш.Қ.-ның жауапкер О.Р.-дан жол көлік оқиғасымен келтірілген материалдық және моралдық залал өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Ш.Қ. сотқа берген талап арызында жауапкер О.Р.-дың жол көлік оқиғасының салдарымен келтірілген 504 359 тенге материалдық шығын және 2 000 000 тенге моралдық залал өндіруді сұраған.

Сот отырысында тараптардан дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы  өтініштер түсті.

Жас жұбайлардың заңды некесін медиация сақтап қалды

15/09/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы С.Ш.-ның жауапкер Қ.К-араларындағы  некені  бұзу  туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптардан дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы  өтініші түсті.

Медиация тараптары сотқа тиісті шарт негізіндегі өздері қол қойған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін тапсырып, соттан аталған келісімді  бекітуді сұрады.

Сот ұйғарымымен медиациялық  келісім  бекітіліп, азаматтық іс өндірісі тоқтатылды.

 

Дауласқан көршілер арасында татуласу келісімі жасақталды

15/09/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы Г.К-ның жауапкер М.Ш- дан өзіне тиесілі жер теліміндегі техниканы алуды, құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы талабы бойынша азаматтық ісі  қаралды.

Талап қоюшы Г.К. сотқа берген талап арызында жауапкер М.Ш.-дан өзіне тиесілі жер телімін босатып, үйдің түбінен қазған кұдықтың құрылысын тоқтатуды сұраған.