Архив событий

20/09/2016

Ювенальдық сот төрағасы Б.Жұмабаев Астана қаласындағы халықаралық симпозиумға қатысты

20/09/2016

Астана қаласында ағымдағы жылдың 13-15 қыркүйегінде Орталық Азиядағы жабық мекемелердегі балаларға қатысты зорлықты түбегейлі жою мәселесіне арналған Халықаралық симпозиум өткізіліп, оған Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Жұмабаев қатысып келді.

Жылыой аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

20/09/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстеріндегі жаңашылдықтардың істерді қарауда қолданылуы және соттылықты анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мал ұрлаған бақташы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

20/09/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен, 188-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен айыпталған Д.А.-ға қатысты қылмыстық іс  тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.

Махамбет аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

20/09/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында «Сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталған жаңашылдықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьялары, МЕҰ өкілдері, кәсіби емес медиаторлар С.Жумалиева, М.Ещанов, аудан прокурорының орынбасары  Ж.Ураков, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары С.Жұмабаев, «Нұр Отан» партиясы филиалы бірінші орынбасары  О.Қайрекешова, аудандық мемлекеттік мұрағат директоры Ә.Есенғалиев және БАҚ өкілдері  қатысты.

Сотпен медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды

20/09/2016

2016 жылдың маусым айында Исатай ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде азамат Е.К. соттың қаулысымен кінәлі деп танылған.

Сотқа берген арызында талап қоюшы А.Н. жауапкер Е.К-ден 361 051 теңге материалдық зиянды, 35 000 теңге өкілге төленген шығынды және мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығынын өндіруді сұраған.  

Сот талқылауы барысында тараптар істі қарап жатқан судьяның медиация рәсімін өткізуіне өтініш жасап, нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді.

Жол-көлік оқиғасының зардабы

20/09/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен құқықбұзушы А.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.Ж. 2016 жылдың мамыр айында өзінің басқаруындағы «Lada  21703 138-21» маркалы автокөлігімен Атырау-Орал тас жолының тұсында сақтық шарасын қолданбай, басқару жүйесін игере алмай тас жолдың сол жағына аударылып, жол - көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде автокөліктегі жолаушы Т.Р. жеңіл түрдегі дене жарақатын алған.