Архив событий

16/09/2016

«Zakon.kz» ақпараттық порталында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен интернет-конференция өтеді

16/09/2016

Интернет-конференция республика сот органдарының қызметіне, соның ішінде Елбасының республика судьяларының VI съезінде алға қойған міндеттерінің және  Ұлт Жоспарында Жоғарғы Сотқа жүктелген 11 қадамның іске асырылуына, сондай-ақ алдағы республика судьяларының VII съезіне қатысты мәселелерге арналады. 

Қ.Мәми интернет-конференция барысында соттардың жұмысы және тұтастай алғанда сот жүйесінің қызметі туралы азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Заңды күшіне енбеген сот актілері туралы сұрақтарға жауап беру көзделмейді.

Жеке кәсіпкер Н.Ф. Сатанов мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылды

16/09/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «МұнайГазИзоляция» ЖШС-нің жеке кәсіпкер Н.Ф.Сатановты мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз талабында жауапкердің 2016 жылдың 26 мамырдағы №9 мемлекеттік сатып алу шарты бойынша міндеттемелерін орындамандығын  көрсетті.

Жалғыз басты ананың өзін асырауына алимент өндіру туралы дауы медиациялық тәртіппен шешілді

16/09/2016

Атырау қалалық сотымен азаматтар арасында медиация институтын қолдануды кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сот отырысын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы жан-жақты түсіндіріледі.

Талап қоюшы М.-ның жауапкер Т.-ға өзінің асырауына алимент өндіру туралы азаматтық іс бойынша тараптар сотта өздерінің құқықтарын қолданып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты медиациялық келісім бекіту үшін сотқа ұсынды.

Атырау қаласының №2 сотының судьялары қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл түріндегі жазаның орындалу мәселесін талқылады

16/09/2016

Атырау қаласының №2 сотының судьяларымен қылмыстық құқық бұзушылықтар, соның ішінде, сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша айыппұл түріндегі жазаның орындалуымен байланысты маңызды мәселелер талқыланды.

Ағымдағы жылы айыппұл салу түріндегі жаза салынумен 128 адам сотталған, бүгінгі күні мемлекет пайдасына жалпы сомада 88 млн 703 мын 910 теңге айыппұл төленген, олардың ішінде 71 млн 920 мың теңге сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша.  

Ұйқысын бұзғанымен қоймай, балағаттаған

16/09/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы М.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы М.А. 2016 жылдың мамыр айында сағат түнгі 01.15 шамасында сол сәтте ұйықтап жатырған М.М.-ның үйінің терезесін қаққан. Кейін оны оятып алып, оған былапыт сөйлеп, жеке тұлғаның тыныштығын бұзып, ұзақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Сот медиациясы өткізілді

16/09/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жеке кәсіпкер А.Иманбаевтың «Атырау Транс Альянс» ЖШС-нен 677 150 теңге қарыз сомасын, 3 060 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Алдын - ала сот отырысында тараптардың өзара келіскен өтініштері бойынша іс бойынша төрағалық етуші судья медиация рәсімін өткізді. Нәтижесінде, тараптар дауды медиациялық тәртіпте реттеу туралы келісім жасасты.

Сот тараптар арасындағы келісім-шартты бұзды

16/09/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің жеке кәсіпкер Ж.Сатановқа 2016 жылғы 18 наурызда жасалған №73 келісім-шартты бұзу туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Талап қою талабының негізі ретінде жауапкердің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағандығын, сол себепті 2016 жылғы 22 сәуірдегі сот шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылғандығын көрсетті.

Субсидиярлық жауапкершілікке тарту және 9 747 728 теңге өндіру туралы талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылды

16/09/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жеке кәсіпкер Амангалиев Тлеккабыл Талгатовичтың банкроттық басқарушысы Ж.Б.Курмановтың Амангалиев Тлеккабыл Талгатовичты субсидиярлық жауапкершілікке тарту және 9 747 728 теңге өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Қазақстан Республикасының гендерлік саясатының өзекті мәселелері талқыланды

16/09/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық соты «Казақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. 

Аталған шараға сот төрағасы А.Саудабаев, кеңсе меңгерушісі А.Жақсығұлова, қорғаушы Р.Атчибаева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілі және «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі қатысты.