Архив событий

19/09/2016

Атырау қаласының орталық көшелерінде VIІ республика судьялары съезі қарсаңында ақпараттық билбордтар орнатылды

19/09/2016

Атырау қаласының орталық көшелерінде Қазақстан республикасы Жоғарғы Соты мен Президент Әкімшілігі республика судьяларының VII съезін дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындау мақсатында арнайы бекіткен көрнекі үгіт құралы – билбордтар орналастырылды.   

Билбордтар қала орталығының алты алаңындағы тақтайшаларға орнатылды.

Талап қоюшы орындалған мердігерлік жұмыстар үшін 18 139 053 теңге өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді

19/09/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «ТезВодСтрой» ЖШС-нің «СтройМонолитСервис» ЖШС-нен 18 139 053 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз талап арызында жауапкердің 2015 жылдың 10 қыркүйегіндегі №2015-022 мердігерлік шарты бойынша орындалған жұмыстар үшін ақшаның толық мөлшерде төленбегендігін, соған сәйкес шарт міндеттемелерін орындамағандығын көрсетті.

Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шыққан шешім бұзылды

19/09/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «АГАТ» ЖШС-нің жеке кәсіпкер Б.Габдулкаримовтан 1 897 292 теңге берешек, 94 864 теңге айыппұл сомаларын өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

2016 жылдың 14 шілдесіндегі сот шешімімен аталған іс бойынша талап арыз қанағаттандырылды.

2016 жылдың 03 тамызында жауапкер жеке кәсіпкер Б.Габдулкаримовтан сот шешімін бұзу және істі қайта қарау туралы арыз түсті.

Бізбен «қаруланған» тонаушы сотталды

19/09/2016

Сотталушы Б. Атырау қаласының №2 сотының үкімімен қарақшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркілене отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұл жерде таңғаларлық жағдай, Б. бұрын, дәл осы жерде, осы тектес қылмысы үшін сотталған. 

Қылмыстық іс медиациялық келісім жасақтаумен қысқартылды

19/09/2016

Атырау қаласының №2 сотымен қылмыстық іс медиациялық келісім жасақтаумен қысқартылды.

Азамат Е. 2016 жылдың шілде айында «Chevrolet Cruze» маркалы автокөлігін Атырау – Алғабас тас жолы бойымен басқарып келе жатып,  қарсы бағытта келе жатқан Л-ның басқаруындағы  «Dаewoo Nexia» маркалы автокөлігіне соқтығыс жасаған. Нәтижесінде абайсызда жәбірленуші Л.-ға  ауырлығы орта дәрежедегі зиян келтірілген.