Архив событий

07/09/2016

«Аналар үйі» дағдарыс орталығында өткізілген іс - шара

07/09/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты  сот төрелігін іске асырумен қатар,  өз қызметін жергілікті деңгейде балалармен жұмыс жасайтын өзге де мемлекеттік құқық қорғау органдарымен- әкімдікпен, полициямен, қорғаушы, прокурорлармен, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерімен, қоғамдық ұйымдармен,психологтармен үйлестіреді.

"Мектепке жол" акциясы

07/09/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Ж.Мухаметованың ұйымдастыруымен «Мектепке жол» атты акциясы өткізілді.

Аталған акцияға аудандық соттың судьялары мен мамандары және Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің 6 «ә» сынып оқушысы Даниэла Рысқалиева мен оның анасы Т.Мұхтарова қатысты.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша «дөнгелек үстел» өтізілді

07/09/2016

«Бөлшек сауда саласындағы  тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» бойынша Атырау мұнай және газ университетінде «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментімен ұйымдастырылды. Аталған шараға Атырау қалалық сотының судьясы Л.Лұқпанова, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, Атырау қалалық прокуратурасының, Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің және «Тұтынушылар Ұлттық Лигасы» РҚБ Атырау облысы бойынша өкілдері қатысты.

Сот жүктілігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау туралы талапты қанағаттандырды

07/09/2016

Атырау қалалық сотымен талап қоюшы А.Д.-ның жауапкер «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның филиалына әлеуметтік төлемді тағайындау бойынша уәкілетті органның шешімін заңсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті

07/09/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау кезінде туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған іс-шараға Атырау облыстық сотының судьясы А.Қалимұқашева, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі А.Бектен, Атырау ОІІД-нің ӘПБ мен Атырау қалалық ІІБ-ның ЖПҚ-ның инспекторлары, Атырау облысының наркологиялық диспансерінің нарколог дәрігері С.Дабринова қатысты.