Архив событий

01/09/2016

Сот кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процесстік келісіммен келіп түскен қылмыстық ісі бойынша үкім қабылдады

01/09/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотының өндірісіне Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен (пышақтарды қолданып бұзақылық жасау) кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процессуалдық келісіммен қылмыстық іс түсті.

Сот 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіру туралы азаматтық істі медиация тәртібімен аяқтады

01/09/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотымен талап қоюшы Е.-ның жауапкер С.-ке 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында, іс бойынша тараптарға судья медиатормен заң талаптары түсіндірілді, нәтижесінде тараптар медиация тәртібімен татуласты. Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге сай, жауапкер С. қызы талап қоюшы Е. 21 жасқа толғанға дейін әр ай сайын 5 000 теңгеден төлеуге, ал талап қоюшы өзінің талабынан бас тартуға тараптар келіскен.

Мақат аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

01/09/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында «Бітімгершілік бірлікке бастайды» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге соттың судьялары, кәсіпқой емес медиаторлар, аудан прокурорының орынбасары, қорғаушы және нотариус қатысты.

Сот төрағасы М.С.Ысқақов «Бітімгершілік бірлікке бастайды» атты тақырыбында баяндама оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Тұрғындарға заңның жаңашылдықтарын насихаттау

01/09/2016

«Медиация» - соттан тыс дауларды үшінші бейтарап жақтың көмегімен шешу, дауды шешудің баламалы түрі. Медиация кезінде дауласушы тараптар  өз еріктерімен медиатордың тәжірбиесі мен біліміне сүйеніп, ортақ шешімге келеді. Дауды медиация көмегімен шешу дауласушы жақтардың өз еріктерінде,   ал медиатор шешім алуға бағытталған жағдайды толықтай қадағалап отырады. Медиацияның басты мақсаты - өзара тиімді, бейбіт келісімге  қол жеткізу .