Архив событий

08/09/2016

Сот талап қоюшының арызын қанағаттандырды

08/09/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Баязит» ЖШС-нің «АтакентЖылой» ЖШС-нен 557 200 теңге қарыз сомасын және  25 537 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызбен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы өз талап арызында жауапкердің жалға алған техниканың көрсетілген қызметі бойынша қарызды әлі күнге дейін төлемегендігін көрсетті.

Сот отырысында талап қоюшы өкілі А.Кенженбетов талап арызды қуаттап, оны толық көлемде қанағаттандыруды сұрады.

Оңайлатылған іс жүргізу барысында тараптар татуласу келісімін бекітуді ұсынды

08/09/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Дарион Строй» ЖШС-нің «А-КурманҚұрылысГрупп» ЖШС-нен 1 944 000  теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап арызбен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 13-тарауы негізінде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қозғалды.

Талап қоюшы «Дарион  Строй» ЖШС-нен тараптардың қатысуынсыз татуласу келісімін бекіту туралы өтініш келіп түсті.

Әйелі күйеуіне қарсы жеке айыптаудан бас тартты

08/09/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109 (ұрып соғу) бабымен жеке айыптау ісі қаралды. 

Іс құжаттарында көрсетілгендей, азамат О.Таниев 2016 жылдың тамыз айында алкогольден масаң күйде Аққыстау селосындағы үйінде себепсіз жұбайы А.Бисенованы балағаттап, шашынан сүйреп, зардап шектірген.