Архив событий

21/09/2016

Сот шешімімен жауапкер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылудан бас тартылды

21/09/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен "Қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Эра» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз талабында жауапкердің 2015 жылдың 03 шілдедегі №65 мемлекеттік сатып алу шарты бойынша міндеттемелерін уақытылы орындамандығын  көрсетті.

Отбасылық дау адвокаттармен реттелді

21/09/2016

Атырау  қалалық сотымен талап қоюшы В.-ның жауапкер С.-ны  кәмелетке толмаған балаларымен бірге пәтерден шығару және С.-ның В.-ға меншік құқығын сақтау, берілген құқығымен қолдану туралы қарсы талабымен қозғалған азаматтық істі қарау  барысында тараптар өздерінің құқықтарын пайдаланып, дауды партисипативтік келісіммен реттеуді ұсынды.

Отбасылық даудың шешілуіне Атырау облыстық адвокаттар  алқасының  мүшелері жәрдемдесті.

Жүкітілік себебінен неке бұзу талабы қанағаттандырудан бас тартылды

21/09/2016

Әлемдік жаһандану кезінде, көлік пен байланыс құралдарының заманауи мүмкіндіктеріне байланысты адамдар бір - біріне жақын болуда. Бұл күнделікті халықаралық некелердің көбейуінде де байқалады.

Атырау қалалық сотына талап қоюшы Б. жауапкер В.-ға қатысты неке бұзу туралы талабымен арызданды.

Талап қобшы Б. Қазақстан Республикасының азаматы, жауапкер В. Украина Республикасының азаматшасы. Ерлі-зайыптылардың арасындағы неке Украина Республикасында тіркелген.

Сотта жұмыс беруші мен жұмысшы бітімгершілік келісімге келді

21/09/2016

Атырау қалалық сотымен талап қоюшы М.-ның жауапкер «К» ЖШС-не бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақы  және моральдық залал өндіру туралыазаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар бітімгершілік келісім бекітіп, келісімге сай жауапкер талап қоюшыны бұрынғы Мақат аумағындағы автобус көлік құралы жүргізушісі лауазымына орналастырады, ал талап қоюшы өзінің талап арызынан бас тартады.