Архив событий

30/09/2016

Соттарда іс жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

30/09/2016

Атырау облыстық сотында басшылықтың, бөлім басшыларының және Соттар әкімшісінің қызметкерлері және Атырау облысы соттарының кеңсе меңгерушілерінің қатысуымен семинар-кеңесі өтті.  

Кеңес барысында қатысушылармен азаматтық, қылмыстық әкімшілік істер, кіріс және шығыс құжаттары бойынша нақты мысалдар келтіріле отырып, «Төрелік» жүйесі қызметінің барлық сатылары талқыланды.

Атырау қаласының №2 сотында сот актілерін орындау барысында туындайтын мәселелер талқыланды

30/09/2016

Атырау қаласының №2 сотымен Атырау облысы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының және облыстық прокуратурасының өкілдерімен «Сот актілерін орындау барысында туындайтын мәселелер»   тақырыбында «дөнгелек үстел» өткізілді.

«Дөнгелек үстелге» №2 қалалық соттың төрағасы мен судьялары, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жақсылық және Атырау қалалық сотының судьясы О.Даурешова қатысты.

Атырау қалалық сотының судьясы «Ханымдар» бағдарламасында сұхбат берді

30/09/2016

Атырау қалалық сотының судьясы Қ.Салықбаев «Қазақстан-Атырау»  телеарнасы АҚ-ның «Ханымдар» бағдарламасында сұхбат берді.

Сұхбат барысында судья Қ.Салықбаев қойылған сұрақтарға нақты әрі толымды жауап беріп, ағымдағы жылда VII кезектен тыс судьялар съезі өтетінін, онда судьялардың жаңа Әдеп кодексі мен мінез-құлық ережелері қабылданатынын  атап өтті.

Атап айтқанда, қабылданатын жаңа кодекстің оң тұстары мен жаңалықтарын түсіндірді. 

Ювеналды сот алты баласын тастап кеткен ананың талап арызын қарады

30/09/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алты баласына қатысты аналық құқығынан айырылған талап қоюшының кәмелет жасына толмаған  балаларымен қарым -қатынас жасау тәртібін айқындауды сұраған  талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Жанұя қуанышы

30/09/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы Г.Е.-ның жауапкер Б.С.-дан  некені бұзуды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, тараптар 1990 жылдан бастап заңды некеде болып, ортақ некеден жасы кәмелетке толмаған бір баласы барын, мінездерінің келіспеушілігіне байланысты бірге тұра алмайтындықтарын айтып сотқа  арызданып, сотта талап қоюшы жауапкермен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұраған.

Әйел адамды қағып, қашып кеткен

30/09/2016

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясымен ағымдағы жылдың наурыз айында түзеу мекемесінен босатылған С.-ға қатысты екі айға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. 

25 қыркүйек 2016 жылы С. «ВАЗ 21074» маркалы автокөлікті басқарып, жол көлік ережелерін бұзып, Жұмыскер поселкесінде 1962 жылы туған әйел адамды қағып,  жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.   Нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.

Тергеу жалғасуда.

Қайын сіңілісін «Whatsapp» желісі арқылы балағаттағаны үшін 21 мың тенге айыппұл төлейтін болды

30/09/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы  Құлсары қаласының тұрғыны азаматша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  құқықбұзушы  С. өзінің қайынсіңлісі азаматша Ж.-ны «Whatsapp» желісі арқылы балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер жазып, мазалап сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот барысында азаматша С. кінәсін толық мойындап, істеген әрекеттері үшін өкінетіндігін айтты.

Абайсызда адам өлiмiне себепкер болған жүргізуші бас бостандығынан айырылды

30/09/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотының үкімімен Рсалиев Ж. Қазақстан Республикасының ҚК 345-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасы қоныс-колониясында өтеуге деп белгіленді.

Атырауда ұрланған ұялы телефондарды алып-сатарлар ұсталды

30/09/2016

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы ұрланған ұялы телефондарды сатып алатын бірқатар күдікті адамдарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Тергеу деректері бойынша күдіктілер Атырау қаласындағы базарлардың ішінде ұрланған ұялы телефондарды Алматы қаласына және шетелге- Қырғызстан Республикасына жіберіп, ал пайдалануға жарамсыз телефондарды бөлшектеніп сатқан.

Атырау қаласының №2 сотының судьялары баспасөз конференциясын өткізді

30/09/2016

Атырау қаласының №2 сотымен 2016 жылдың 29 қыркүйек күні  барлық судьялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз- конференциясы өткізілген.

Төраға А.Ташеновамен атқарылған жұмыс бойынша, сот саласындағы қызмет туралы, жаңа Этикалық кодексінің жобасы, келе жатырған Қазақстан Республикасының судьялардың VII съезді бойынша ақпарат берілді. 

Экономикалық сотта ашық есік күні өтеді

30/09/2016

2016 жылдың 30  қыркүйек күні, сағат 14:30-ден 16:00-ге аралығында Атырау қаласы, Сатпаев көшесі №3 ғимаратында  орналасқан Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Жаманбаевтың  қатысуымен қоғамдық  қызығушылық туғызатын істер жөнінде  «Ашық есік» күні өтетіні хабарланады.