Архив событий

23/09/2016

Қызылқоға аудандық сотында 22 қыркүйек – Қазақстан Халқы тілдері күніне орай дөңгелек үстел өткізілді

23/09/2016

Қызылқоға аудандық сотында  22 қыркүйек – Қазақастан халқы тілдері күніне орай және Қызылқоға аудандық сотының 2016 жылдың екінші жартыжылдығына арналған мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың іс-шаралар жоспарын орындауда және сот жүйесінде мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруда игі жұмыстардың жүзеге асырылып жатқанын насихаттауда.

Атырау облысының Индер ауданында мектеп есепшісі сотталды

23/09/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен, 369-бабының 1-бөлігімен айыпталудағы сотталушы  К.М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Атап айтқанда, ол  бас есепшісі қызметін атқарып жүріп, мектеп директорының өзіне сеніп тапсырған электрондық есеп кілтін пайдаланып, жергілікті бюджеттен мектептің есеп шотына түскен ақша қаражатын негізсіз өзінің есеп шотына бірнеше рет аударған.  Сөйтіп барлығы 916 494 теңге залал келтірген.

Дау медиация тәртібімен реттелді

23/09/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкер Э.Айнетованың «Geo Exploring Services» ЖШС-нен 3 620 000 теңге қарызды өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында талап қоюшы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасақталған келісімді ұсынды. Келісім шарттары бойынша «Geo Exploring Services» ЖШС-гі жеке кәсіпкер Э.Айтеноваға 2016 жылдың 15 желтоқсанынан дейін 3 620 000 теңге қарызды төлеуге міндеттенді, талап қоюшы талап арызынан бас тартты.

20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

23/09/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен құқықбұзушы К.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

К.Б. 2016 жылдың шілде айында Ганюшкин ауылы, Бегалиев көшесі бойында «Ваз 21150» маркалы автокөлігін басқару құқығы жоқ және  алкогольдік маскүйінде басқарып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Ювенальдық сот 5 жасар қызын тас жолда тастаған әйелді аналық құқығынан айырды

23/09/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Махамбет аудандық білім бөлімі ММ-нің бес жасар қызын далаға тастап кеткен жауапкерді аналық құқығынан айыру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың мамыр айында жауапкер Т.Э. өзінің 2011 жылы туылған қызын Атырау-Алмалы тас жолы бойында тастап кеткен, бала қараусыз жүріп, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндегендіктен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.