20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен құқықбұзушы К.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

К.Б. 2016 жылдың шілде айында Ганюшкин ауылы, Бегалиев көшесі бойында «Ваз 21150» маркалы автокөлігін басқару құқығы жоқ және  алкогольдік маскүйінде басқарып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сотта құқықбұзушы К.Б. өз кінәсін мойындап, бұрын - соңды өзінде жүргізуші куәлігі болмағандын, 2013 жылы сот қаулысымен жүргізуші куәлігінен айырылғанын, одан кейін қайтып алмағанын, көлікті сыра ішкен күйінде басқарғандығын айтты.

Сот К.Б.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі