Архив событий

22/09/2016

Атырау облыстық сотында Қазақстан халықтарының тілдері күні атап өтілді

22/09/2016

Атырау облыстық сотында Атырау облысы әкімдігінің тілдерді дамыту Басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан халықтары тілдері күнін тойлауға арнаалған салтанатты шара өтті.

Облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов құттықтау сөзінде, 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі барлық Қазақстан халқына ортақ екенін атап өтті.

Сондай-ақ, сот төрағасы біздің елдің саясаты Қазақстан халқының және олардың этникалық-ұлттық болмысына қарамастан теңқұқылығын нығайтуға бағытталады.

Жылыой аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22/09/2016

Атырау облысының Жылыой  аудандық сотында ҮЕҰ өкілдері, құқық қорғау органдары және мемлекеттік қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бойжеткен темекі қалдығын лақтырып кеткен

22/09/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы Р.Л.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқықбұзушы Р.Л. 2016 жылдың шілде айында Махамбет ауданы, Береке ауылы көшесі бойына өзінің шегіп тұрған темекі қалдығын лақтырып, ортақ пайдаланатын орындарды ластап, ұсақ бұзақылық әрекеттерін жасаған.

Сот берешекті өндіру туралы азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітті

22/09/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпке О.Загуменованың «Bio Food Trade West» ЖШС –нен 19 199 916 теңге берешек, 809 865 теңге өсімпұл өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс қарау барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді, келісім шарттары бойынша жауапкер талап қоюшыға 2016 жылдың 15 қарашасына дейін 12 009 781 теңге төлеуге міндеттенеді, талап қоюшы жауапкерге қойған талабынан бас тартады.

Атырау облысы кедендік бақылау Басқармасының лауазымды тұлғалары пара алғандары үшін сотталды

22/09/2016

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың наурыз-сәуір айларында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кіріс Департаментінің кедендік бақылау Басқармасының лауазымды тұлғалары, соның ішінде, бөлім басшысы қарамағындағы қызметкерлерімен сөз байласып, құжаттарды кедергісіз және жедел рәсімдеу қызметін көрсетіп, өзі және басқа адамдарға пайда әкелу мақсатында заңсыз марапат ретінде ақшалай қаржыны,  яғни пара берушінің пайдасына жасаған әрекеті үшін, дәлірек айтқанда, жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін пара алған.

Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауаптылық

22/09/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында құқықбұзушы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде бірнеше рет әкімшілік жаза қолданғанына қарамастан, нақ сол әрекетті қайталап, Құлсары қаласының көшесі бойында алкогольдік масаң күйде жүріп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріген.

Жаңа туған нәрестені сатқан перзентхана қызметкері 5 жылға сотталды

22/09/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 135 бабының 2 бөлігің 8 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасаған сотталушы Н.Хамзинаға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітілді

22/09/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында талап қоюшы С.Б.-ның жауапкер Ж.А.-араларындағы  некені  бұзу  туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптардан дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы  өтініші түсті.

Медиация тараптары сотқа тиісті шарт негізіндегі өздері қол қойған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін тапсырып, соттан аталған келісімді  бекітуді сұрады.

Сот ұйғарымымен медиациялық  келісім  бекітіліп, азаматтық іс өндірісі тоқтатылды.