Архив событий

09/09/2016

Жалпы конкурс бойынша комиссия шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

09/09/2016

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс бойынша комиссия шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

 

1. Есентай Айдана Алмасқызы - Атырау қалалық соты кеңсесінің жетекші маманы лауазымына (С-R-5 санаты) – негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне;

Қызылқоға аудандық сотының ұжымы Отбасы күніне орай «алтын алқа» иегеріне құрмет көрсетті

09/09/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының ұжымы 7 қыркүйек – отбасы күні мерекесіне орай, көп балалалы отбасы ретінде, 7 бала тәрбиелеп отырған С.Хамзиннің шаңырағында болып, күміс және алтын алқа иегері атанған жас ананы бүгінгі айтулы мерекелерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Сот төрағасы Айдарбек Сағынұлы көп балалы батыр ана Ш.Аубакированың отбасымен жақын танысып, барлық жас ғұмырын қазағымыздың болашақ ұрпақтарын тәрбиелеуге жұмсап, шаңырағын шаттыққа бөлеп отырған жас анаға зор алғысын білдіріп, сыйлықтар табыс етті.

Гендерлік саясат стратегиясы талқыланды

09/09/2016
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен мамандардың қатысуымен «Гендерлік саясат стратегиясы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Семинар сабағын сот төрағасы Г.Даулетова жүргізді. 
 

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, кәсіпкерлік қызметпен айналысу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады

09/09/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы С.М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан түскен әкімшілік іс-құжаттарына сәйкес, Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің хатына сай  С.М. тұрғын үйін ай сайын 119 200 теңгеге 2016 жылдың 22 қаңтарынан 2017 жылдың 22 қаңтарына дейін жалға бергені, яғни, жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны анықталды.

Ауыл тұрғыны ұсақ бұзақылық жасап сотты болды

09/09/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен азамат Ж.С. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Ж.С. 2016 жылдың тамыз айында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Котяев ауылының маңында орналасқан «Құрманғазы» шекара бекеті тұсында, яғни қоғамдық орында, ортақ пайдалану орындарын ластап,  шеккен темекісінің тұқылын жерге тастап, ұсақ бұзақылық  жасаған.

Тараптар татуласу келісімін бекітті

09/09/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Охранное агентство Сунгат» ЖШС-нің «Шырак - ПВ» ЖШС-нен 1 368 000  теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар өкілдері Э.Дюсенов пен А.Кабатова татуласу келісімін бекіту туралы өтініш жасап, істі тоқтатуды сұрады. Келісім шарттары бойынша жауапкер 2016 жылдың 23 қыркүйегіне дейін 1 368 000 теңгені төлеуге міндеттенеді, талап қоюшы жауапкерге сотта қойған талабынан бас тартады.

Сот мұра қалдырушыны жерлеу рәсіміне байланысты шыққан шығысты өндіруден бас тартты

09/09/2016

Атырау қалалық сотымен талап қоюшы Н.Ш. жауапкерлер С.Т. және  Д.Т.-дан, жауапкерлердің заңды өкілі Т.К.-дан мұра қалдырушыны жерлеу рәсіміне байланысты шыққан шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот жер учаскесін мемлекетке қайтарды

09/09/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында талап қоюшы «Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесін меншік иесінен   мәжбүрлеп алып қою жөніндегі талап арызы қаралды.

Талап қоюшы сотқа жазған арызында жауапкердің меншігіне берілген шаруа қожалығын жүргізуге берілген, «Тоқал көл» учаскесінде орналасқан 150 га жер учаскесінің тексеру кезінде игерілмегені анықталғандықтан, жауапкерден аталған жер учаскесін мәжбүрлеп алуды сұраған.

Ювенальды соттағы әкелікті анықтау жөніндегі дау медиациялық келісіммен аяқталды

09/09/2016

2016 жылдың 1-қантарынан күшіне енген жаңартылған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекскіне сәйкес,әке болуды анықтау туралы даулар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың қарауына жатқызылған.