Архив событий

14/09/2016

«Zakon.kz» ақпараттық порталында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен интернет-конференция өтеді

14/09/2016

Интернет-конференция республика сот органдарының қызметіне, соның ішінде Елбасының республика судьяларының VI съезінде алға қойған міндеттерінің және  Ұлт Жоспарында Жоғарғы Сотқа жүктелген 11 қадамның іске асырылуына, сондай-ақ алдағы республика судьяларының VII съезіне қатысты мәселелерге арналады. 

Қ.Мәми интернет-конференция барысында соттардың жұмысы және тұтастай алғанда сот жүйесінің қызметі туралы азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Заңды күшіне енбеген сот актілері туралы сұрақтарға жауап беру көзделмейді.

Атырау облысы соттарында «ӘҚБтК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының негізгі ережелері бойынша ақпараттық брошюралар қойылды

14/09/2016

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмыстар жүргізілуде.

Осыған орай, аталған министрлікпен Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелері бойынша ақпараттық брошюралар жасақталған.

Сотқа келушілердің арасында заң жобасын кеңінен насихаттау мақсатында Атырау облысы соттарында азаматтар толық ақпарат алуы үшін, ақпараттық брошюралар қойылды.

Сот медиациялық келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты

14/09/2016

Талап қоюшы Ш.Айболова сотқа берген талап арызында жауапкер У.Аиповтан өзінің пайдасына 377 078 теңге қарыз сомасын өндіруді сұрады.  

Сот талқылауы барысында тараптар істі қарап жатқан судьяның медиация өткізуіне өтініш жасап, нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді.

Соттың үкімін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

14/09/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 669-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған (сот үкімін, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) А.Сүндетоваға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды

14/09/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен А.Ю.-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қылмыстық іс қаралды.

Атырау облысының аудандық соттарында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот қаулысының электронды түрде сақтандыру компанияларына жолдау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстелдер өтті

14/09/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында «Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы сот қаулысының электронды түрде сақтандыру компанияларына жолдау тәртібі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған шараға аудандық соттың судьясы Б.Менситова, сот мамандары мен Құрманғазы  аудандық  ІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе тобының инспекторлары қатысты.