Архив событий

13/09/2016

«Zakon.kz» ақпараттық порталында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен интернет-конференция өтеді

13/09/2016

Интернет-конференция республика сот органдарының қызметіне, соның ішінде Елбасының республика судьяларының VI съезінде алға қойған міндеттерінің және  Ұлт Жоспарында Жоғарғы Сотқа жүктелген 11 қадамның іске асырылуына, сондай-ақ алдағы республика судьяларының VII съезіне қатысты мәселелерге арналады. 

Қ.Мәми интернет-конференция барысында соттардың жұмысы және тұтастай алғанда сот жүйесінің қызметі туралы азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Заңды күшіне енбеген сот актілері туралы сұрақтарға жауап беру көзделмейді.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырудан бас тартылды

13/09/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы Атырау филиалының жеке кәсіпкер А.Изтелеуовтен 750 000 теңге айыппұл өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық  ісі қаралды.

Төрағалық етуші судья тараптарға татуласу, медиация және партисипативтік келісімге келу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеуге құқығы бар екендігін және осындай әркеттер жасау салдарын түсіндірді. Тараптар судьяның ұсынысынан бас тартқандықтан, іс дау мәселесі бойынша қаралды.

Неке медиациямен сақталды

13/09/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс медиация рәсімін қолданумен аяқталды.

Талапкер А. сотқа талап арыз беріп, жолдасы қол көтеретіндігін, мінездерінің келіспейтіндігін айтып, некені бұзуды сұраған.

Сот отырысы барысында төрелік етуші судья заң талаптарына сай туындаған дауды медиация тәртібімен бітімгершілікке келу мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беріп, медиацияны іс жүргізіп жатқан судьяның өзі өткізуін сұраған.

Ювенальды сотта дау партисипативтік келісіммен реттелді

13/09/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алимент мөлшерін өзгерту туралы азаматтық іс қаралып, адвокат А.Ибраймов және К.Баямированың қатысуымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Судьялар кәсіби емес медиаторлардың жұмысын ұйымдастыру тақырыбындағы ақпараттық семинарға қатысты

13/09/2016

Атырау қаласының № 2 сотының судьялары З.Қазақбай және Э.Ойкулова Атырау облысы Әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-мен және Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі Орталығы ЖММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген кәсіби емес медиаторлардың жұмысын ұйымдастыру тақырыбындағы ақпараттық семинарға қатысты.

Семинар барысында соттарда қылмыстық іс жүргізу кезінде медиацияны қолдану тәжірибесі талқыланып,аталған тақырыпта судья З.Қазақбай баяндама жасады.

Атырауда УГ 157/10 мекемесінің қызметкері қамауға алынды

13/09/2016

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментің УГ 157/10 мекемесінің (қоныс- колониясы) жедел тобының аға жедел уәкілі Г.-ны жазасын өтеуші О.-ға қамқорлық жасаймын деп 50 000 теңге пара алу барысында ұстаған.

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясымен  Г.-ге қатысты екі айға дейін «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Тергеу амалдары жалғасуда.

 

Тараптар медиациялық келісімге келді

13/09/2016

Атырау қалалық сотымен талап қоюшы Т.-ның жауапкер жеке кәсіпкер «Б»-ға материалдық залал мен моральдық зиян және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Т. өзінің талабында жеке кәсіпкер «Б»-ның  техникалық қызмет көрсету станциясында оның «Hyundai Ix 35» автокөлігіне сапасыз жөндеу жүргізілгені, нәтижесінде талап қоюшыға 1 869 000 теңге көлемінде материалдық залал, 500 000 теңге көлемінде моральдық зиян келтірілгені туралы уәждеді.  

Сотпен есірткі сатушыларды қамауға алуға санкция берілді

13/09/2016

Атырау облысының Индер аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297 бабының 3 бөлігінің 1,3 тармақтарымен айып тағылған екі Қызылорда облысының тұрғынына қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішті қарады.

Жүргізілген сараптама бойынша күдіктілерден алынған жалпы салмағы 5 килограмм 425 грамм есірткі заты «кептірілген марихуана» екендігі анықталған. Сонымен қатар, күдіктілерден заңсыз жолмен табылған есірткі заттарын сатудан түскен 1 200 000 теңге көлеміндегі ақша алынған.

60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

13/09/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігімен сотталушы М.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы М. бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, «жеңіл» дәрежедегі алкоголден масаю күйінде «Опель Вектра» маркалы автокөлігін басқарып, Жылыой АІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімшесінің жол-патрульдік полиция қызметкерімен тоқтатылған.

Әкесі баласына ай сайын алимент төлеп тұруға міндеттенді

13/09/2016

Атырау облысының  Жылыой аудандық сотында талап қоюшы  Д.-ның өзінің  әкесінен оқуын бітіргенге шейін алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар судья медиатордың қатысуымен медиациялық келісімге келді. Келісім шарттары бойынша әкесі баласына ай сайын күндізгі оқу бөлімін бітіргенге дейін 70 000 теңге жеке шотқа аударып тұруға міндеттенді.

Медиациялық келісім бекітілуіне байланысты азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.