Архив событий

05/09/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жедел мәжіліс өткізілді

05/09/2016

Бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен жедел мәжіліс өткізілді.

Жедел мәжілісті сот төрағасы Г.Даулетова жүргізді.

Жедел мәжілісте қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері, материалдық, процессуалдық заң нормаларының қолданылуы, сот актілерінің жазылу сапасы және сот актілерінің орындалу барысы талқыланды.

Еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты сотпен жұмысшының еңбек ақысы өндірілді

05/09/2016

Атырау қалалық сотымен талап қоюшы А. жауапкер «Ю» ЖШС-нен еңбек ақы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғанда, талап қоюшы 2015 жылдың 01 желтоқсанынан 2016 жылғы 25 наурызға дейін жұмыс берушіде заңгер қызметінде жұмыс атқарған, жұмысшының атқарған жұмыс кезеңі үшін жұмыс берушімен 60 192  теңге еңбек ақы төленбен.

Атырауда Жылыой аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары пара алғаны үшін айыппұл төлейтін болды

05/09/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында пара алды деп айыпталған Жылыой аудандық ІІБ-нің Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Д.А.-ға қатысты үкім оқылды.

Сотта анықталғандай, Д.А., мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра, өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, кәсіпкер З.Т. заңсыз әрекеттері үшін 33 000 теңге пара алып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Қызылқоға аудандық сотында қаралған қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

05/09/2016

облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Г.К. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында дүкеннің алдында тұрған жәбірленуші Г.-нің баласына тиесілі құны 40 000 тенге тұратын «Stells» маркалы велосипедын жасырын түрде ұрлап алып, оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен.

Сот отырысында Г.К. мен жәбірленуші Г.А. кәсіби емес медиатордың көмегімен татуласып, сотталушы жәбірленушілерден кешірім сұраған.

Тергеу судьясы жәбірленушінің мәйітін жерленген жерден қазып алуға (эксгумациялауға) санкция беруден бас тартты

05/09/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында жергілікті Ішкі істер бөлімінің аға тергеушісінен түскен, жәбірленушінің мәйітін жерленген жерінен қазып алу (эксгумациялау) туралы  санкциясын беру жөнінде өтініші қаралды.

Соттта, Қызылқоға АІІБ-нің аға тергеушісі тергеп тексеру кезінде, күдікті Б. мен оның қорғаушылары сот-медициналық сарптама қортындысымен келіспей, солардың өтініші бойынша қайталама сот медициналық сараптамасы тағайындалып, сарапшының сұранысына сай эксгумация сұраған.

Атырау қалалық сотында еңбек ақы бойынша қарыз өндірілді

05/09/2016

Атырау қалалық сотымен талап қоюшылар Б. мен К.-нің жауапкер «M» ЖШС-нен еңбек ақы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай талап қоюшы Б. жұмыс берушіде кеңсе-менеджері,  ал талап қоюшы К. инженер қызметінде жұмыс атқарғандары, жұмысшылардың жұмыс атқарған кезеңі үшін жұмыс берушімен еңбек ақы төленбегі анықталды.

Сот шешімімен талап қоюшы Б.-ның пайдасына төленбеген еңбек ақы 180 000 теңге және 3 797 теңге өсімпұл, талап қоюшы К.-ның пайдасына төленбеген еңбек ақы 376 000 теңге және 16 600 тенге өсімпұл өндірілді.