Атырау облысының Индер ауданында мектеп есепшісі сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен, 369-бабының 1-бөлігімен айыпталудағы сотталушы  К.М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Атап айтқанда, ол  бас есепшісі қызметін атқарып жүріп, мектеп директорының өзіне сеніп тапсырған электрондық есеп кілтін пайдаланып, жергілікті бюджеттен мектептің есеп шотына түскен ақша қаражатын негізсіз өзінің есеп шотына бірнеше рет аударған.  Сөйтіп барлығы 916 494 теңге залал келтірген.

Сот сотталушыға жаза тағайындау кезінде Қазақстан Республикасының ҚК-нің 55- бабының 4- бөлігі қолданып, заңсыз жолмен табылған  мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызмет саласында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 060 500  теңге айыппұл жазасы тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі