Архив событий

01/04/2016

Сот ісін жүргізу барысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын қолдану туралы семинар өтті

01/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында сот ісін жүргізу барысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын қолдану тақырыбында семинар өтті.

Семинарға аудандық соттың судьялар мен мамандары қатысты.

Дауды татуластыру рәсімдерімен реттеу екі тарапқа да тиімді

01/04/2016

Елбасымыз Судьялардың VI съезінде сот тәртібінде қарауға жататын даулар санын қысқарту, оларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, отандық сот төрелігін қалпына келтіру мүмкіндігін беретін татуласу рәсімдерін және медиацияны дамыту маңыздылығын атап көрсеткен болатын.

Атырау облысының Жылыой аудандық соты заем берешегін өндірді

01/04/2016

Жылыой аудандық сотында талап қоюшы «Банк Центр Кредит» АҚ-ы жауапкер С.-дан заем берешегін өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-ы сотқа талап арыз беріп, онда 12 шілде 2007 жылы азамат С.-мен банктік заем шарты жасалып, оған 654 000 теңге 21 пайыз сыйақысымен 36 айға заем берілгенін, заем шарты бойынша жауапкер өзіне алған міндеттемесін бұзғанын негіздеп, С.-дан  561 747 теңге 43 тиын қарызын өндіруді сұраған.

Медиация-дауды шешудің жолы

01/04/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында талап қоюшы Ж.К-ның жауапкер Ж.Т-тан 25 000 теңге қарыз ақшасын өндіру туралы азаматтық ісі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Талап қоюшы Ж.К. сотқа берген талап арызында жауапкер Ж.Т-тен 25 000 теңге қарыз ақшасын өндіруді сұраған.

Тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы өтініші түскен.