Архив событий

07/04/2016

Сотта тараптар медиация көмегімен татуласты

07/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы Г.А.-ның жауапкер А.Е. -ға оқыту мерзіміне алимент өндіріп алу жөніндегі талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Г.А. сотқа жазған талап арызында әкесі А.Е.-дан оқыту мерзіміне  алимент өндіріп алуды сұраған.

Сот отырысы барысында талап қоюшыдан жауапкер А.Е.-мен татуласуына байланысты медиациялық келісім шарт жасақтау туралы өтініш түсті.

Сот ұйғарымымен тараптардың медиациялық келісім шарты бекітіліп, іс өндірістен қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді. 

 

Қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды

07/04/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен сотталушы А.О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А.О. «Тойота Пикап» маркалы автокөлігін жүргізіп, Жылыой ауданы Теңіз қалашығында орналасқан «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС-нің қоймасынан бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру мақсатында 4 дана автокөліктің амортизаторын ұрлап алған.

Іздестіру барысында ол ұрланған амортизаторларымен бірге  полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жедел мәжіліс өткізілді

07/04/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Б.Жұмабаевтың төрағалық етуімен сот қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сот қызметкерлерімен  жедел мәжіліс  өткізілді.

Жедел мәжілісте сот қызметкерлері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының Қ.А.Мамидың «Қазақстан Республикасының сот жүйесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» өкімімен таныстырылды.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат А.-ны жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін кінәлі деп таныды

07/04/2016

Қандай да бір жол-көлік оқиғасы болмасын – жол қозғалысы ережесінің бұзылуы нәтижесінде орын алады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сай, азамат А.2016 жылдың наурыз айында автокөлікті басқара отыра, бір бағытта келе жатқан автокөлікті жібермей, соқтығыс жасаған. Нәтижесінде материалдық шығын бар.