Архив событий

27/04/2016

Мәңгілік рух, өшпес даңқ-2

27/04/2016

Қайнарбаев Әділгерей

Қайнарбаев Әділгерей 1924 жылы Гурьев Облысының Бақсай ауылында дүниеге келген.

Әділгерей мектепті бітіріп, 17 жасында әскер қатарына шақырылады.Чкалов атындағы училищеде сапер мамандығын оқып, 1943 жылы майданға аттанады. 1945 жылға дейін екінші Украина майданында Қызыл жұлдыз дивизиясының 81 Красноград атқыштар гвардиясында   әскери қызметте болады.

Атырауда сот процесі онлайн бейне-байланыс жүйесі арқылы өтті

27/04/2016

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Ж.Құспановқа қатысты  қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен келіспей апелляциялық шағымын, ал Атырау облысы прокуроры апелляциялық наразылығын берген.

Сот үкімімен Ж.Құспановқа Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабының 3 бөлігі 3  тармағымен 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген.

2016 жылдың 1-тоқсанында сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша ювеналдық сотта брифинг өтті

27/04/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Жұмабаев 2016 жылдың 1-тоқсанында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын «Казақстан-Атырау» телеарнасына берген сұхбатында  жариялады.

Брифингте сот төрағасы 2016 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру және заңдылықтың сақталуы жағдайының статистикалық деректерін келтірді.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар сабақ өтті

27/04/2016

Құлсары қаласы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Әділет басқармасы басшысы А.Нұғманның төрағалық етуімен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шараға аудандық сот, ішкі істер бөлімі, аудан әкімі аппараты және мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері қатысты.

Аудандық әкімшіліктің есік - терезесін сындырған азамат жазаға тартылды

27/04/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы А.С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.С. 2016 жылдың наурыз айында  алкогольдік мас күйінде Махамбет ауылы, Абай көшесі бойында орналасқан аудандық әкімшілік ғимаратының есік - терезесін сындырып, ұсақ бұзақылық әрекеттерін жасаған.          

Сот, істің мән-жайларын зерттеп, А.С-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, 5 тәулік әкімшілік қамаққа алды.

Сот процесіне қатысушылармен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар online-сауалнамаға белсенді түрде қатысуда

27/04/2016

Жылыой ауданының  Халыққа қызмет көрсету орталығында сот процесіне қатысушылармен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар online-сауалнамаға белсенді түрде қатысуда.

Сауалнаманың мақсаты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау болып табылады.

Сотпен автокөлік иесінің құқығы қорғалды

27/04/2016

Атырау қалалық сотында талап қоюшы А.Б. жауапкер «Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті» мемлекеттік мекемесіне белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық  ісі қаралды.

2013 жылы А.Б. Белоруссия  Республикасынан  «Mazda 3» маркалы автокөлігін сатып алып, Қазақстан Республикасының аумағына кіргізген.