Архив событий

20/04/2016

Жаңа Азаматтық процестік кодексін қолданудың алғашқы нәтижелері

20/04/2016

Жас судьялар Кеңесінің ұйымдастыруымен Атырау қалалық сотында «Жаңа Азаматтық процестік кодексін қолданудың алғашқы нәтижелері»  тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қалалық сот судьялары, Атырау қалаcы прокуратурасының, Атырау облысы адвокаттар алқасының және екінші деңгейдегі банкттердің өкілдері қатысты.

Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты Мемлекеттік шекараны бірнеше рет заңсыз кесіп өткен азаматты соттады

20/04/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты Қаазақстан Республикасының шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін айыпталған Қазақстан Республикасының азаматы М.А.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, сотталушы М.А.-ға бұрын да сотпен Қазақстан Республикасынан шығуына  уақытша шектеу қойылған. Осыған қарамастан, ол 2013, 2014 жылдары бірнеше рет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Жолдың қарама-қарсы бағытына шыққаны үшін жауапқа тартылды

20/04/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен құқықбұзушы Б.Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың наурыз айында Б.Ш. өзінің басқаруындағы «Kia Rio» маркалы көлік құралын Атырау қаласы, Владимирский көшесімен жүргізе отыра, аталған көшенің бойында орналасқан №23 «а» үйдің тұсында, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, үздіксіз ақ жолақты қиып, кедергіні айналып өтіп, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып жүргізген.

Ювеналдық сот пен «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығы» ЖМ-нің Атырау бойынша өкілдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

20/04/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі сотында «Медиация» туралы заңды жүзеге асыру мақсатында «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығы»  өкілдігінің медиаторларымен кездесу өтті.

Шараға ювеналдық соттың төрағасы мен судьялары, сот қызметкерлері қатысып, Ювеналдық сот пен «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығы» өкілдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сот туыстық қатынасты анықтап берді

20/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында арызданушы С. -ның заңды маңызы бар фактіні анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, азамат С. қайтыс болған азамат Б.-ның жиені болғандықтан мұралық мүлікке мұрагерлікті тану үшін нотариуске жүгінген, алайда арызданушының мұра қалдырушымен тегінің әртүрлі болуы себепті нотариуспен бас тартылған.

Осыған байланысты арызданушы С. заңды маңызы бар фактіні анықтау үшін сотқа арыз берген.

Сот талап қоюшының құқықтарын қалпына келтіріп, заң бұзушылықтарды жою жөнінде жеке ұйғарым шығарды

20/04/2016

Талап қоюшы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің «2019-Әскери бөлімшесі» Индер аудандық аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің аға сот орындаушысы Қ.Жумашевтің іс әрекеттерін заңсыз деп танып, жауапкер С.Сайлуовтан 346 616 теңге қарыз ақшаны өндіру туралы шешімін мәжбүрлеп орындау үшін өндіріске қабылдауды міндеттеу туралы шағыммен Индер аудандық сотына жүгінен.