Архив событий

14/04/2016

Статистика ұрлық пен тонаудың басымдығын көрсетеді

14/04/2016

Бөтен мүлікті иеленумен байланысты қылмыстардың басым бөлігін ұрлық құрайды. Атырау облысында барлығы 4 442 қылмыс тіркелген. Бөтен мүлікті ашық жымқыру бойынша 270 қылмыс. Тонау ашық жасалатындықтан,  ұрлыққа қарағанда анағұрлым сәтті тергеледі. Көбіне жәбірленушілер тонаушыларды суреттей алады. Ұрлық оқыстан және жоспарланған болып келеді. Тұрғын – жайға ену, сумка мен қалтадан ұрлау бір топ адамдардың қатысуымен жасалады.

Ювеналдық сотта - ата-ана өзара медиациялық келісімге келді

14/04/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Медиация туралы» Заңды насихаттау бойынша жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда.Нәтижесінде сот өндірісіндегі аяқталған 3 қылмыстық істің 2-і (66,6%), 80 азаматтық істің -23(56,2%) татуласу тәртібімен қысқартылған. Атап көрсетерлік жайт 80- істің 35-і ерекше іс жүргізу тәртібінде болғандықтан, бұл санаттағы істер бітімгершілік шарасын қолдануға жатпайды.  

Дау медиация тәртібімен шешілді

14/04/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында талап қоюшы Н.С-ның жауапкер С.К-тен еңбекке жарамсыз кәмелетке толған баласына алимент өндіру туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен қаралды.

Талап қоюшы Н.С.-нің  сотқа берген талап арызында, өзі жоғарғы оқу орнында күндізгі, ақылы оқу нысаны түрінде бірінші курсында оқитынын көрсетіп, әкесі С.К-тен өзінің пайдасына күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары білім беру жүйесінде оқитын 21 жасқа дейінгі мезгілге алимент өндіруді сұраған.

Жол қауiпсiздiгi ережесін бұзып, материалдық залал келтiрген жүргізушіге айыппұл салынды

14/04/2016

Құқықбұзушы Н.Салихов 2016 жылдың наурыз айында«Нива Шевролет» маркалы автокөлігін «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының «726 шақырым» белгісі тұсында басқарып, метеорологиялық жағдайды ескермей,И.Досалиевтың басқаруындағы «Лада 21144» маркалы автокөлігіне соқтығысып, нәтижесінде материалдық залал келтірген.

Мақат поселкесінің тұрғыны билік өкiлiне қатысты күш қолданғаны үшін жазаланды

14/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 380 бабы 1 бөлігімен (билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, соталушы Д. алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде, куәнің және полиция қызметкерлерінің қатысуы кезінде, жариялы түрде күш қолданып, өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруы кезінде Мақат аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерінің денесіне бір рет қатты соғып, «жеңіл» дәрежелі дене жарақатын келтірген.