Архив событий

12/04/2016

Конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

12/04/2016

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

 

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдетуге жолданды

12/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Мақат аудандық орталық ауруханасы ШЖҚ КМҚК-ның сотқа жолдаған арызымен азамат Д.-ның сараптама қорытындысына сай алкоголизмге шалдыққаны, емдетуді қажет ететіні, ерікті түрде емделуден жалтарғаны, наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық іс қаралды.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза қолданылды

12/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігімен сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. бұрын аудандық сот қаулысымен көлік құралын алкогольмен мас күйінде жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған бола тұра, 2016 жылдың ақпан айында Доссор поселкесінде «Лада 21715» маркалы автокөлігін алкогольден масаң күйде жүргізген.

Қоғамдық орында мас күйде жүру

12/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440 бабы 4 бөлігімен құқықбұзушы Д.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Нашақорлық-заман індеті

12/04/2016

Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстар құқық бұзушылықтар, оны ішінде, есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізге қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар санаттарының артуы  бүгінгі таңда қоғамға және ұлтқа келтіріліп отырған кесір.

Есірткіге қарсы күрес жұмыстары мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы маңызды белгісі болып табылады.

Конкурс жариялаймыз!

12/04/2016

Жалпы конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

C-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Атырау облыстық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанында сот төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті

12/04/2016

Атырау облыстық сотында облыс соттарының 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы сот төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс болып өтті.

Іс шараға Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов, облыстық соттың алқа төрағалары А.Шығамбаев, Т.Уәлиева, Атырау облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Г.Жұмағалиева, облыс соттарының судьялары мен мамандары  қатысты.