Архив событий

26/04/2016

Татуласу дауды шешудің тиімді жолы

26/04/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотының ғимаратында судья – татуласу рәсімдерін үйлестірушісі З.Бекжанованың төрағалық етуімен және кәсіби медиатордың қатысуымен «Татуласу-дауды шешудің ең тиімді тәсілі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға жергілікті ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

26/04/2016
Атырау облысының Мақат аудандық сотында қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669 бабымен құқықбұзушы Ш.Н.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.
 
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ш.Н. 2011 жылдың мамыр айы мен 2016 жылдың наурыз айы аралығында 26 мамыр 2011 жылғы сот бұйрығына сәйкес А.Ш-ның пайдасына балалары кәмелеттік жасқа толғанша алиментті төлемей, сот актісін орындамаған.
 

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

26/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669 бабымен құқықбұзушы Ш.Н.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ш.Н. 2011 жылдың мамыр айы мен 2016 жылдың наурыз айы аралығында 26 мамыр 2011 жылғы сот бұйрығына сәйкес А.Ш-ның пайдасына балалары кәмелеттік жасқа толғанша алиментті төлемей, сот актісін орындамаған.

Сот қаулысымен Ш.Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669 бабымен кінәлі деп танылып, 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылды

26/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігімен айыпталған азамат К.-ке қатысты әкімшілік істі қарады .

Құқықбұзушы К. 2016 жылдың наурыз айында Карабатан зауыты көшесінде «Van Hool815» маркалы автокөлігін басқара отырып, жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қозғалып, жәбірленуші Б. иелігіндегі «Van Hoo» маркалы автокөлігіне соқтығысып,  өзге көлік құралының бүлінуіне әкеліп соқтыратын жол көлік апатын жасаған. Нәтижесінде соңғысына материалдық залал келген.

Балықшыға 90 000 теңгеге жуық айыппұл салынды

26/04/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 4 бөлігімен құқықбұзушы О.Е.-ге қатысты әкімішілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, О.Е. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, 2016 жылдың сәуір айында Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылы қасындағы Приморский өзегінің жағалауы бойынан, яғни балық аулауға тыйым салынған жерде, қолдан жасалған ұзындығы 1 метр ау құралымен балық аулаған. Нәтижесінде жергілікті полиция қызметінің инспекторларына ұсталған.

Тараптар бітімгершілікке келді

26/04/2016

Құлсары қаласының тұрғыны Ж.Нұршиева Атырау облысының Жылыой аудандық сотына жауапкер Н.Иманбаевадан  270 000 теңге ақша өндіру үшін талап арыз берген.

Сот отырысы кезінде тараптар өзара бітімгершілік келісіміне келген. Келісім шарт бойынша жауапкер Н.Иманбаева талап коюшыға 353 000 теңге қарызын ай сайын бөліп беруге міндеттенетіні, ал талап қоюшы талабынан бас тартатыны көрсетілген.

Тараптар соттан бітімгершілік келісімдерін бекітіп беруді сұрады.

Мас жүргізуші – адам өміріне қауіп төндіруші

26/04/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының  1 бөлігімен құқықбұзушы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы А. Сағыз селосында автокөлігін алкогольдік мас күйде басқарған.

Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.