Архив событий

06/04/2016

Қызылқоға аудандық соты сенбілік ұйымдастырды

06/04/2016

Қызылқоға аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері  аудандық сот ғимаратына тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбілік ұйымдастырды.

Сенбілікте ғимарат ауласындағы жасыл желектер сәндеп кесіліп, әктеліп, қысқы қоқыс қалдықтарынан тазартылды.

Барлық сот қызметкерлері өздерінің қоршаған орта тазалығын сақтау жұмыстарына немқұрайлы қарамай, белсенділік танытып, сәуір айының әр аптасында сенбілік ұйымдастыру жөніндегі сот төрағасының ұсынысын бірауыздан қолдады.

Сотта ерлі-зайыптылар медиация көмегімен татуласты

06/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы С.Г-ның жауапкер А.И-мен араларындағы некені бұзу жөніндегі талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында талап қоюшыдан жауапкер А.И.-мен татуласуына байланысты медиациялық келісім шарт жасақтау туралы өтініш түсті.

Сот ұйғарымымен тараптардың медиациялық келісім шарты бекітіліп, іс өндірістен қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.  

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

06/04/2016

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

 

1.     Жумалин Жандарбек Темирбекович

2.     Басарова Арайлым Амангелдиевна

3.     Айткалиева Унайгуль Айткалиевна

4.     Жукаева Айнагуль Ерболатовна

5.     Сүлейменова Динара Ерболатқызы

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

06/04/2016

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

 

1.     Сугралиева Гулсара Бекетовна

2.     Калтаев Бакытжан Бекжанович