Архив событий

11/04/2016

Атырау облыстық сотында соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы мен хатшысы сайланды

11/04/2016

Осыдан бұрын Атырау облыстық сотының пленарлық отырысында Елбасының бес институционалдық реформасын іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес судьялардың кәсіби корпусын құру мақсатында   Атырау облыстық соты жанынан құрылған соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің құрамы бекітілген болатын.

Атырау облысының Индер аудандық соты бітімгершілік бекітті

11/04/2016

Индер аудандық сотының ұйғарымымен талап қоюшы К.-ның жауапкер Т.-дан қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі бойынша тараптардың дауды бітімгершілік келісіммен реттеу туралы келісімі бекітіліп, аталған іс бойынша іс жүргізу өндірістен бітімгершілік келісіммен қысқартылды.

Аталған істі сот отырысында қарауға әзірлеу барысында тараптар дауды шешіп, өзара татуласқандықтан дауды бітімгершілік келісіммен реттеу туралы келісім жасады.

Сот жасөспірімді медиация тәртібімен қылмыстық жауаптылықтан босатқанымен, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмысты күшейтуге жекеше қаулы шығарды

11/04/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен және 347-бабымен айыптау бойынша сотқа берілген Е.А. ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Сот ғимаратындағы тәртіп басты назарда!

11/04/2016

Атырау қалалық сотында «Сот ғимаратындағы тәртіп» тақырыбында  семинар сабағы  өткізілді.

Семинар жұмысына Атырау қалалық сотының судьялары, кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.

Семинар сабағында «Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының 7 шілде 1997 жылғы Заңы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының хаттамалық тапсырмасының 9-тармағының 5) тармақшасын орындау мақсатында әзірленген сот приставтарының тосын жағдайлардағы іс-әрекеті туралы жадынама жобасы талқыланды.

Сотпен қызмет көрсету келісім шарты бойынша медиациялық келісім бекітілді

11/04/2016

«Flash Construction Diagnostics(Флэш Констракшн Диагностикс)» ЖШС-гі дәнекер байланысының сапасын бақылау бойынша келісім шарт негізінде пайда болған берешек 1 500 000 теңгені «ДСУ «КасТаДор»ЖШС-нен өңдіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Сот отырысында тараптардың өкілдері соттан дауды медиациялық тәртіпте реттеу туралы келісімді бекітіп, азаматтық істі өндірісімен тоқтатуды сұрады.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.