Архив событий

13/04/2016

Атырау облысы соттарына келушілер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді

13/04/2016

Атырау облыстық сотымен сот процесіне қатысушылардың сот қызметіне қанағаттанушылық деңгейін бағалау және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын анықтау үшін сотқа келушілер арасында әлеуметтік сауалнама ай сайын жүргізіледі.

Әлеуметтік сауалнама аудандық және оған теңестірілген соттар арасында жұмыс сапасын анықтау мақсатында облыстық соттың талдау және жоспарлау бөлімімен, соттардағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу және ішкі қауіпсіздік бөлімімен және Атырау облыстық сотының Сот әдебі комиссиясымен жүргізіледі.

Қоғамдық орынды ластау

13/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы  А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, А. 2016 жылдың наурыз айында Мақат ауданы Доссор поселкесінде орналасқан «Нәсен» дәріханасы ғимараты алдына белгiленбеген орындарда темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орындарын ластап, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Марихуана сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

13/04/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталған Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Е. полиция қызметкерлеріне ұсталып, тінту кезінде оның  курткасының оң жақ қалтасынан ақ қағазға оралған, жасыл түсті шөп тәріздес зат табылған. Сарапшы қорытындысына сәйкес ол табылған заттың кептірілген марихуана екені анықталған.

Заңсыз балық аулау

13/04/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2015 жылдың наурыз айында құқықбұзушы Т. балық аулауға тиым салынған жерден балық аулап, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Сот келісім шартта көрсетілген мәмілені орындамау бойынша талап арызды қанағаттандырды

13/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жауапкер З.-дан берешегін өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, тараптар арасында жасалған несие беру туралы шарты бойынша жауапкер өз міндеттемелерін, яғни көрсетілген кестеге сәйкес несиені уақытында төлеп отыруды  орындамаған.

Сот, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның талап арызын толықтай қанағаттандырып, жауапкерден жиналған берешегін өндіруге шешім шығарды.

Мақат аудандық сотында жедел отырыс өткізілді

13/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында сот төрағасы М.Искаковтың жүргізуімен және сот мамандарының қатысуымен жедел отырыс өтті.

Жедел отырыста сот ғимаратына Интернет модульдарымен, фото-бейнекамералармен жабдықталған мобильді құралдарды (ұялы телефон, планшеттер, смарт-сағат және т.б.) сот ғимараттарына кіргізуге тиым салыну туралы хат сот ұжымының назарына жеткізіліп, талқыланды.

Жедел отырыс қорытындысында аталған тапсырманың орындалуы бойынша кешенді шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.

Ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

13/04/2016

 

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі: