Архив событий

04/04/2016

Атырау облыстық сотының ұжымы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымын туған күнімен құттықтады

04/04/2016

Атырау облыстық сотының жұмыс аптасы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Уалиева Тәтті Қайырғалиқызының туған күніне арналған салтанатты жиынмен басталды.

Жаяу жүргіншіге жеңіл түрдегі дене жарақатын келтірген

04/04/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 2 бөлімімен П.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

П. көлік құралдарын жүргізушілердің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзып, жаяу жүргінші кәмелетке толмаған К.-ны қаққан. Соққы салдарынан жаяу жүргінші кәмелетке толмаған  К. сот-медициналық дәрігерлік комиссиясының қорытындысына сәйкес жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алған.

Ювеналдық сотта сот қызметкерлері арасында семинар сабақ өткізілді

04/04/2016

Семинар сабағында бас маман-сот отырысының хатшысы А.Амандықова 2016 жылғы 23 ақпанында Қазақстан Республикасы жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.Испановтың бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және облыстық және оған теңестірілген соттар әкімшілерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемемеснің жалпы ережелерімен сот қызметкерлерін таныстырды.

Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!

04/04/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жұмыс жоспарына сәйкес сот қызметкерлері арасында «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!» атты семинар сабағы өтті.

Қарсы жолға шығып жол апатын жасады

04/04/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610- бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Н.М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың наурыз айында Индербор селосының тұрғыны Н.М. өзінің басқаруындағы «Ваз-21154» маркалы автокөлігін Индербор селосы Сұлтангалиев –Амангелді көшесімен жүргізіп келе жатып, сол жағынан басып озу кезінде бір бағытта алдында келе жатқан «Lada 21901»автокөлігі солға бұрылып жатқанда, оны өткізбей, соқтығыс жасаған. Нәтижесінде материалдық шығын келтірілген.