Архив событий

22/04/2016

Соттағы тосын жағдайларды болдырмау мақсатында жиналыс өткізілді

22/04/2016
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметкерлеріжәне соттардың әкімшілік ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы күзет органдарының өкілдерінің қатысуымен жмналыс  өткізілді. 
       

Алдын-ала сот отырысы барысында дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

22/04/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен адвокаттар А.Ибраймовтың, А.Нагиевтың және тараптардың өкілдері  М.Есмакованың, А.Иманбаеваның қатысуларымен партисипативтік келісім бекіту арқылы жеке кәсіпкер А.М. Елубаевтың «Фирма АТК» ЖШС-нен  4 964 315 теңге өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Жеке кәсіпкер А.Елубаев сатып алынған тауар бойынша «Фирма АТК» ЖШС-нен 4 964 315 теңге өндіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

22/04/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен азамат М.А. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқықбұзушы М.А. 2016 жылдың сәуір айында   Атырау облысы Құрманғазы ауданы Котяев ауылының маңында орналасқан «Құрманғазы» шекара бекеті тұсында, яғни қоғамдық орында, ортақ пайдалану орындарын ластап,  шеккен темекісінің тұқылын жерге тастаған.

Есiрткi затын заңсыз иемденгені үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

22/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігімен ( есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдау) сотталушы И.Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, И.Ж. Доссор поселкесінде орналасқан  «Держава» дүкенінің маңайынан полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, жүргізілген жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы 0,49 грамм кептірілген марихуана есірткі заты табылған.