Архив событий

19/04/2016

Атырау облысы соттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысында судьялыққа үміткерлер қаралды

19/04/2016

Атырау облыстық соты жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес Жоғарғы Сот Кеңесімен жарияланған, аудандық және оған теңестірілген соттың судьяларының бос қызмет орындарына арналған конкурсқа қатысатын судья лауазымына үміткердің жеке басын талқылау бойынша кезекті отырыс өткізді. 

Кеңестің басты мақсаты судьялар корпусының сапалы құрамын жасақтауға ықпал ету болып табылады.

Кеңес отырысында судьялыққа үміткер Атырау қалалық сотының Кеңсе меңгерушісі З.Хамидуллинаның жеке басы талқыланды.

Әкімшілік сот судьялары мен жергілікті полиция қызметкерлері тәжірибеде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады

19/04/2016

Атырау қалалық Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлерімен Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында кездесетін өзекті сұрақтарды талқылау үшін кездесу өткізілді.

2016 жылдың 1- тоқсаны қорытындысы бойынша жиналыс өтті

19/04/2016

Индер аудандық сотында 2016 жылдың 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша  жиналыс өтті.

Сот төрағасы Д.Тухфатова статистикалық деректерге тоқталып, ағымындағы жылда 5 тұлғаға қатысты 5 қылмыстық іс, 107 азаматтық іс, 106 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралып, соттардың тарапынан қаралған істер бойынша сот актілерінің бұзылуына, өзгертілуіне жол берілмегенін атап өтті.

Қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін айыппұл салынды

19/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігімен (ұсақ бұзақылық) құқықбұзушы  И.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, құқықбұзушы И. Маңғышылақ-Алматы жолаушылар поезы ішінде, яғни қоғамдық орында азаматша Т-ны себепсіз  балағаттап, ар-намысына тиетін сөздерді айтып, қорлап тиісіп, былапыт сөйлеп, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сотта құқықбұзушы өз кінәсін мойындады.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алынды

19/04/2016

Алдын ала тергеу органы Қ.Қожахметовке және Т.Тайыровқа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен қылмыстық іс қозғаған.

Басты сот талқылауы 2016 жылғы 11 сәуір күні сағат 10.00-ге тағайындалып, әрі қарай 2016 жылғы 13 сәуір күні сағат 11.00-ге кейінге қалдырылған. Алайда сотталушы сотқа негізсіз келген жоқ. Соттың бастамасы бойынша сотталушыға қатысты әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

Арақтың ақыры – інісіне пышақ серметіп, өзін темір торға тоғытты

19/04/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотталушы Ж.У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, сотталушы Ж.У. арақ ішкен мас күйінде өзінің туған інісімен сөзге келіп қалып, «мен сені өлтіремін» деп стол үстіндегі асхана пышағын сол қолына алып, денсаулыққа қасақана «ауыр» зиян келтіру мақсатында пышақты туған інісінің денесінің сол жақ кеудесінің тұсына бір рет ұрып, тығып алған.

Ювеналдық сот дөңгелек үстелге қатысуға шақырады

19/04/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз етуді» көздеген  бағытын жүзеге асыру мақсатында, «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам- Ұлт жоспарын орындауда «гендерлік саясаттың үлесі», «Бала тағдыры, қоғам тағдыры»,«Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу»,«Әр баланың өз үйінде тұру құқығы, жетімдер үйінен балаларын алудан бас тартқан

Экономикалық соттың соттылығына жатпайтын талап арыз кері қайтарылды

19/04/2016

 «БатысЭкоКоргау» қоғамдық бірлестігі лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды сұрап сотқа шағыммен жүгінді.

Шағымда жауапкер ретінде лауазымды тұлғалар көрсетілген.

Сот ұйғарымымен шағым Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қарауына жатпайтындықтан арызданушыға барлық құжаттарымен кері қайтарылды.

Сот үйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қызылқоға аудандық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

19/04/2016

Қызылқоға аудандық сотында, 2016 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті «Қызылқоға» газеті тілшісінің қатынасуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Шара барысында  сот төрағасы А.С.Дюсебалиев 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің сотқа түсуі және қаралуы жөнінде статистикалық деректерді, сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот төрелігі сапасын арттыруда жаңа іс жүргізу нормаларының  сақталуы  туралы  мәлімдеді.