Архив событий

08/04/2016

Тек қана сотта әділдік орнайды

08/04/2016

«Қазақстан-Атырау» телеарнасындағы «Заң қуаты» бағдарламасының кезекті шығарылымына Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Уалиева мен Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Б.Жолдаспаева қатысып, сұхбат берді.

Тікелей эфирде заң қызметкерлері көрермендердің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына және Қазақстан Республикасы сот жүйесінің жаңғыртылуы туралы маңызды сұрақтарына жауап берді.

Кондитерлік «мак» ұрлаймын деп сотты болды

08/04/2016

Атырау облысы Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191 бабы 1 бөлігімен сотталушы Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың ақпан айында сотталушы Ж. алкогольді масаю күйінде бөтен мүлікті ашық жымқыру мақсатында Мақат поселкесінде орналасқан «Ару» сауда орталығының ішінен құны 3 000 теңгеге бағаланған «Мак пищевой» кондитерлік қоспасын, яғни бөтен мүлікті ашық жымқырған.

Мақат аудандық сотында семинар өтті

08/04/2016

Мақат аудандық сотында «Қылмыстық-процестік заңнамасындағы тергеу судьясының өкілеттігі»  тақырыбында семинар өтті.

Семинарға аудандық прокуратура прокурорлары мен аудандық ІІБ-нің тергеушілері, анықтама жүргізушілері және жедел уәкілдер қатысты.

Аталған тақырып бойынша аудандық соттың судьясы Б.Измагамбетова  өз баяндасымен таныстырып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Тергеу судьясының өкілеттілігі кеңейтілгенін, бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 55 бабымен реттелетіндігін атап өтті.

Бас бостандығынан шектеу жазасынан жалтарғаны үшін сот бас бостандығынан айырды

08/04/2016

Мақат аудандық пробациялық қызмет тобының сотталған К.-ға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасы түріне ауыстыру туралы ұсынысы Мақат аудандық сотының қаулысымен қанағаттандырылып, сотталған К.-ның бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген 1 жыл 9 ай 13 күні, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.

Алкогольдік ішімдік ішіп көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

08/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында автокөлікті алкогольмен масаю күйінде жүргізген  К.С.-ке қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай жүргізуші С.К. 2016 жылдың ақпан айында Мақат поселкесі «Әсел» қонақ үйі тұсындағы автокөлік жолының бойында «Skoda Rapid» маркалы көлік құралын «орташа» дәрежеде алкогольмен мас күйінде жүргізген.