Архив событий

18/04/2016

Атырау облысының судьялары оқу орындарымен ынтымақтастықты қарқынды жүргізуде

18/04/2016

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде   Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Т.Уалиева, Атырау қалалық сотының төрағасы А.Ерманов, қалалық соттың судьясы М.Саримова, Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі бөлімінің маманы М.Ғабдолхаев, сондай-ақ ғылыми-оқытушылық құрам және «Экономика және құқық» факультетінің студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Соттар ұйымшылдықпен сенбілікке қатысты

18/04/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі және Индер, Жылыой аудандық соттарында өткен сенбі күні сот қызметкерлерімен көктемгі тазалық  жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік кезінде судьялар мен кеңсе қызметкерлері сот ғимараттарының ауласын тазалап, талдарды әктеп, жаңа көшеттер отырғызды.

Сондай-ақ ғимараттың қоршауларын сырлау жұмыстарын жүргізілді.

Атырау қаласының №2 сотының судьясы «Заң қуаты» теле бағдарламасына қатысты

18/04/2016

«Қазақстан-Атырау» телеарнасындағы «Заң қуаты» бағдарламасының кезекті шығарылымына Атырау қаласының №2 сотының судьясы З.Қазақбай қатысып, сұхбат берді.

Тікелей эфирде заң қызметкерлері көрермендердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты қойған маңызды сұрақтарына жауап берді.

Атырауда өзін-өзі полиция көлігінің ішінде ұрып-соққан Қостанай облысының тұрғыны сотталды

18/04/2016

Атырау қаласының №2 соты өзін-өзі полиция көлігі ішінде ұрып-соққан 36 жасар жүргізушіге қатысты қылмыстық істі қарады.

2016 жылдың 24 ақпаны күні кеште жол-патрульдік полиция қызметкерлері Т.А. мен М.К. сотталушы А.Ахметчин жүргізіп келе жатырған

«Лада-Ларгус» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 270 килограмм болатын сазан балығы  табылды.

1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

18/04/2016

Әрбір жүргізуші көлік тізгініне отырған сәтте өзінің және қасындағы адамдардың, сол сияқты көшедегі басқа да жандардың өміріне жауапты екендігін есте ұстауы тиіс.

Азамат  Р.2016 жылдың наурыз айында «ГАЗ-3302»маркалы автокөлігін  Атырау қаласы, Ғұмаров көшесінде орналасқан «Эльназ»салоны жанынан Владимирский көшесінің қиылысына дейінгі аралықта жолдың қарама-қарсы бағытына арналған жолмен жүргізген. Аталған құқық бұзушылық №4150 бақылау камерасына түсірілген.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін сотталды

18/04/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен (яғни есірткі психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотталушы М.Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М.Б. 2016 жылдың наурыз айында Миялы селосындағы өз үйінің ауласында орналасқан моншаның ішінде есірткі затын заңсыз сақтаған.

Орындау құжатын электронды форматта жолдау тәртібі

18/04/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот судьялары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Төрелік» бағдарламасы бойынша сот актілерін орындауға жіберу тәртібін түсіндіру мақсатында оқу семинары өткізілді.

Семинарда кеңсе меңгерушісі Қ.Сағынбаева сот актілерін сот орындаушыларға жолдау бөлігінде ақпараттарды «Төрелік» есепті – ақпараттық бағдарламасына дұрыс енгізу тәртібін түсіндірді.

Сот мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танудан бас тартты

18/04/2016

«Атырау облысының  Денсаулық  сақтау  басқармасы «Атырау  қалалық  перзентханасы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорны жауапкер «UMID-PHARM» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт міндеттемелерін орындамағаны себебінен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануды сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Есiрткi заттарының заңсыз айналымы әрекеті үшін айыпты деп танылды

18/04/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабы 1 бөлігімен ( есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, өткізу) сотталушы Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

18/04/2016

Атырау облыстық соты Атырау облысының соттарында тағылымдамадан өтуге ниет білдірген төмендегі судья лауазымына үміткерлер туралы хабарлайды:

 

1.      Қойбағарова Гүлфайрус Чапайқызы-06 тамыз 1980 жылы  Атырау облысының , Жылыой ауданы тұрғыны

2.      Сәрсенова Сандуғаш Серікқызы-03 наурыз 1979 жылы Атырау қаласы тұрғыны