Архив событий

29/04/2016

Қымбатты оқырмандар!

29/04/2016

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктеріне көп жағдайда еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткіздік. Бұл – қазақстандықтардың ұлттық және діни ерекшеліктеріне қарамастан қоғамның барлық саласындағы бірлескен қызметінің жемісі.

Барлық БАҚ-қа!!!

29/04/2016

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында бірнеше қылмыстар жасады деп айыпталған бұрынғы Атырау қалалық ІІБ-ның қалта ұрлықтарымен күрес бөлімінің басшысы Манарбек Утеуовке қатысты сот үкім  2016 жылдың 03 мамырында сағат 16.00-де жарияланатынын хабарлайды.

Соттың мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 140

Баспасөз қызметінің телефоны: 8 /7122/ 55-82-28

Список кандидатов получивших положительное заключение конкурсной комиссии по общему конкурсу

29/04/2016

Список  кандидатов получивших положительное заключение решением конкурсной комиссии по общему конкурсу на занятие низовых  вакантных и временно вакантных административных государственных должностей   корпуса «Б» Администратора судов по Атырауской области:

Экономикалық сотта ашық есік күні өтті

29/04/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ғимаратында сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту және сот жүйесіндегі жаңашылдықтарды насихаттау мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Шараға от төрағасы Б.Жаманбаев және судьялар І.Садбан, Н. Абдолов, сонымен бірге заңды тұлғалар, Атырау мемлекеттік университетінің бір топ студенттері қатысты.

Сот төрағасы Б.Жаманбаев студенттерге сот жұмысын жалпы түсінік беріп, келушілердің сұрақтарына жауап берді.

Телефонмен дөрекі сөйлескен азаматшаға 21 мың теңге айыппұл салынды

29/04/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Г.М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Г.М. 2016 жылдың наурыз айында өзінің ұялы телефоны арқылы жәбірленуші Б.Л-ның ұялы телефонына қоңырау шалып, балағат сөздер айтып, яғни жеке тұлғаның тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Отбасы тыныштығы заңмен қорғалуда

29/04/2016

Азамат О. өз үйінде, алкогольді ішімдік ішіп, кейін себепсіз жанжал шығарып, өзінің анасы азаматша М.-ны балағаттап, ар-намысына тиіп сыйламаушылық танытқан.

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша құқықбұзушы О.-ның алкогольден «орта» дәрежеде мас күйінде болғандығы толық дәлелденді.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен О. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.